• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімінің төрағалығымен Маңғыстау ауданының даму мәселелері қаралды

 Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Маңғыстау ауданының әлеуметтік-экономикалық ахуалы жан-жақты қаралды. Аудан әкімі Ғалымжан Ниязов «Маңғыстау ауданының серпіні» 2023 – 2026 жылдардағы бағдарламасы бойынша әр салада атқарылған жұмыстар, өзекті мәселелер және алдағы жоспарлары бойынша баяндама жасады.
 
Аудан әкімінің айтуынша, өңірде білім беру саласын жаңғырту бағытында нақты жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Бекі ауылында 100 орындық жаңа мектеп бой көтерсе, А.Меңдалыұлы орта мектебі мен Тұщыбек мектебіне қосымша құрылыс жүргізілген. Шетпеде 600 орындық жаңа «Жайлы мектептің» құрылысы жүргізілуде.
 
- 10 мектеп пен 5 балабақшада ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл тағы бірнеше мектеп жөндеуден өтеді. Білім беру ұйымдары заманауи пән кабинеттерімен, бейнебақылау жүйелерімен, интерактивті тақталармен, компьютерлік сыныптармен 11 мектеп, STEM-зертханалармен 5 мектеп, және 6 мектеп автобустармен жабдықталды - деді Ғалымжан Ниязов.
 
Денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер байқалады. Медициналық қызмет көрсету түрлерінен бірлесе орындаушылық бойынша 68 ден 42-ге дейін төмендеп, жалпы қарыздарынан құтылған. Аудан бойынша медициналық мекемелер заманауи техника, аппараттармен толықтырылған. Шетпе ауылы Қосбұлақ-2 шағын ауданынан орташа 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталса, Жармыш дәрігерлік амбулатория ғимаратына күрделі жөндеу жұмысы басталды. Дәрігерлік нысандар қосымша 3 санитарлық автокөлікпен толығады.
 
Сондай-ақ, бүгінде ауданда бұқаралық спортпен қамту көрсеткіші 47,8%-ға жеткен. Бұл көрсеткіштің артуына аудандағы 1 спорт мектебі мен 22 ашық спорт алаңы, 28 балалар ойын алаңы, 24 стрит-воркаут алаңы және ауылдардағы спорт залдарының жұмысы айтарлықтай үлес қосып отыр. Сондай ақ, Жыңғылды ауылында жаңа спорт кешені ашылып, қолданыстағы нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
 
Инфрақұрылым саласында да ілгерілеу бар. Қазіргі уақытта 486,15 шақырым су желісі арқылы ауданның 84,6% тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Бұдан бөлек, бірнеше елді мекенде су тұшыту қондырғылары мен су сақтау резервуарлары орнатылып, 15 ұңғыма жөнделген. Шетпе ауылындағы екі қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жылытатын  қазандық пен құбырлар толықтай жаңартылды.
 
Жұмыстар жол-көлік инфрақұрылымын дамыту шараларымен жалғасуда. Аудан бойынша аралық 367,7 шақырым жолдың 284,5 шақырымыпайдалануға берілсе, қалған 34 шақырымында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
 
Инфрақұрылымды жетілдіру тұрғын үй мәселесін де қамтып отыр. Шетпе, Сайөтес және Боздақ елді мекендерінде қос қабатты тұрғын үйлер жөнделді. Сайөтесте апатты деп танылған 3 көпқабатты үйдің тұрғындары үшін жеке үйлер салынса, Шетпеде 52 отбасыға арналған тұрғын үй пайдалануға берілді. Шетпе-1-де бұрын пайдаланылмаған ғимарат 26 пәтерлі тұрғын үйге бейімделіп жатыр. Жалпы аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 348 адам тіркелген.
 
Ауданның абаттандырылуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көше жарығын орнату жұмыстары да жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы 263,3 шақырымды құрайтын жарық желісінің 196,1шақырымына шамдар орнатылып, бұл 75,7% көрсеткішке жеткен. Қалған бөлігі келесі кезеңдерде толық жарықтандырылмақ.
 
Аудан әкімінің айтуынша, ауданның туристік әлеуетін арттыру да күн тәртібінен түскен емес. «Ақмыш», «Самал», «Айрақты», «Шерқала», «Торыш» және «Бесшоқы» сияқты табиғи нысандарды дамыту мақсатында 2025–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарға бірқатар жоба енгізілген.

Жиын соңында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай бірқатар саладағы жұмыстарды жетілдіру қажеттігін атап өтіп, нақты тапсырмалар берді.
 
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 02.07.2025
  • 4
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика