• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда ақын Оңайгүл Тұржанның шығармашылық кеші өтті

Ақтауда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын, ғалым, аудармашы Оңайгүл Тұржанның «Әр көңілде арман бар қонбай қашқан» атты шығармашылық кеш өтті.

Кеш ақынның қаламынан туған «Қаламқас» пьесасынан үзіндімен басталды. Рух пен сырға, сағыныш пен сазға толы әдеби кеш барысында «Құмдар философиясы», «Құмда өскен терек», «Кең Дала», «Альфа-zет», «Асығыс бәрі», «Қазақтың ұл-қызы», «Маңғыстауға шақыру», «Атамекен», «АҚТАУ» сынды ақынның терең философиялық иірімге толы шығармалары орындалып, көрермен рухын серпілтті. Сондай-ақ «Күлтегін» пьесасынан үзінді сахналанып, жыр мен тарихтың тұтас көрінісі назарға ұсынылды.

Шарада Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев ақынға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың құттықтауын жеткізді.

- Бүгінгі кеш – құрметтің, ризашылықтың, рухани табыстың кеші. Осы орайда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың ыстық ықыласы мен жылы лебізін жеткізгім келеді. Сіз жұдырықтай жүрегіңізге Шерқала мен Айрақтыны, Бозжыраны, маң дала мен кәрі Каспийді сыйғыза білген ақынсыз. Өлеңдеріңіз сахналық көрініс арқылы ерекше әсермен ұсынылды. Жеті қайқы мен бес жүйріктің мекені болған Маңғыстауда бұрын да сұңғыла ойлы ақын қыздар аз болмаған. Сол көштің жалғасы ретінде бүгін халық сізді де Томирис, Бопай, Фаризадай дара тұлғалардың қатарына қосып отыр. Сіз – ақын ғана емес, ғалымсыз. Әдебиетке ғана емес, ғылым мен тәржімә саласына да өлшеусіз еңбек сіңірдіңіз. Қаншама шетелдік шығармаларды қазақ оқырманына таныстырып, рухани кеңістігімізді кеңейттіңіз. Бүгін сізді қадір тұтқан көрерменіңіз, халқыңыз, жерлестеріңіз – барлығы осы кештен ерекше рухани шабыт алды деп сенемін, - деді Тілеген Әбішев.

Кеш барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің VII–VIII сайланым депутаты Жұлдыз Сүлейменова құттықтау сөз сөйлеп, ақынның әдебиет пен ғылымға сіңірген еңбегін жоғары бағалады. Сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың құттықтау хаты оқылып, Оңайгүл Тұржанның ұлттық руханиятқа қосқан үлесі ерекше аталып өтті.

Ақын Оңайгүл Тұржан көпшілікке алғыс айтып, шығармашылығының негізгі арқауы туған жер мен ұлттың рухы екенін атап өтті.

- Поэзияның төңірегінде жүргеніме жарты ғасырдан асыпты. Бүгінгі кеш – сол жылдардың бір есебі іспетті. Менің өлеңдерімнің көпшілігі Маңғыстаудың табиғатынан, тылсымынан, ел мен жерге деген махаббаттан бастау алады. Арман – адамның өмір бойғы серігі. Осы кештің атауын да соған сай таңдадық, – деді ақын.

Кеш соңында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Тамара Асар «Ұшады Маңғыстаудан шағалалар» және «Қара жорға дүбірле» әндерін орындап, мерекелік кештің шымылдығын жарқын нотамен түйіндеді.

Шығармашылық кеш ақынның рухани ізденісінің, ұлттық болмыс пен көркем сөзге деген адалдығының айқын көрінісі болды. Ақын жырына сусындаған көрермендер кештен ерекше әсермен тарқасты.

  • 02.07.2025
  • 5
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика