• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С.ТРҰМОВ: ХАЛЫҚТЫ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІ - БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов елді-мекендерді сумен қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмаларының қалай орындалып жатқанын тексерді. 

Жыл сайын жаз мезгілінде Мұнайлы ауданында суға деген сұраныс артып, су тапшылығы байқалады. Осы түйткілдің түйінін тарқату үшін  “Каспий” су тұщыту зауытының қуатын арттыру жобасы қолға алынған болатын. Жоспар бойынша жазға дейін тәулігіне 5 мың текше метр су тұщытатын қондырғыларды іске қосу керек. Қазір жобасы жасақталып, мемлекеттік сараптамада қаралып жатыр. Облыс әкімі жұмыстың баяу жүріп жатқанын сынға алып, бұл жұмыстарды тездетуді тапсырды. “Тиісті қаражатты алдыңыздар. Жазда тапшылық сезілмеу керек. Жұмысты жеделдетіңіздер”,-деді С.Трұмов.

Бұдан кейін облыс әкімі Баянды ауылында салынып жатқан су құю станциясының жұмысымен танысты. Су өндіретін  мембраналық қондырғыны орнату жұмыстары  осы жылдың ақпан айында басталған. Тапсыру мерзімі 2021 жылдың сәуір айы. Қажетті су “Құйылыс” жерасты кенорнынан алынады. Мамандардың айтуынша, алдымен су сорғыш станцясынан өтіп тазартылады, содан кейін мембраналық жүйеден өтіп тазартылған су арнайы резервуарларға құйылады. Тәулігіне 300 м3 су өңдеуге қауқарлы қондырғы іске қосылған кезде Баянды, Дәулет, Маңғыстау-5 ауылдары ауыз сумен толық қамтылатын болады. Облыс әкімі жоспарланған уақытынан кешіктірмей іске қосуды тапсырды.

Мұнайлы ауданының тұрғындарын уақытылы ауыз сумен қамту үшін жақында 20 су таситын көлік сатып алынады. Оған жергілікті бюджеттен 320 млн теңге қаржы бөлінді.

Бұдан кейін Серікбай Өтелгенұлы бастаған жұмыс тобы Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында орналасқан «8 құдық» су тарату имараты мен  С.Шапағатов  су айдау бекетінің жұмыстарымен танысты.   «8 құдық» жобасы 2013 жылы техникалық су беру күйінде пайдалануға берілген. Бүгінде техникалық суды  ауыз суға айналдыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол үшін қосымша Форт Шевченко қаласынан сағатына 20 текше метр су тұщыту қондырғысы орнатылады. Сыйымдылығы 600 м3 су таратқыш имараты жағада  табиғи сүзілген теңіз суы 8 құдық арқылы 300 м3 бірінші жер асты резервуарына құйылып,  сорғы арқылы су тұщыту қондырғысынан тұщытылып, ауыз су қалпына келтіріледі де екінші 300 м3 жер асты резервуарына құйылады. Әрі қарай сорғылар арқылы құбырмен және көлік тасымалы арқылы тұрғындарға жеткізіледі. 

Бүгінгі күні С.Шапағатов ауылында 2 су жинау резервуары жұмыс істеп тұр. Ауыл тұрғындарын тіршілік нәрімен толық қамту мақсатында қосымша тағы екі су қазандығы орнатылды. С.Шапағатов су айдау бекеті іске қосылғанда «Ақтау-С.Шапағатов» магистралды су құбыры арқылы 2600 астам тұрғын үйге орталықтандырылған құбыр арқылы ауыз су жеткізіледі деп жоспарлануда. 
Аймақ басшысы аталған нысандардың жұмысын жеделдетіп, жаз маусымы басталғанға дейін  пайдалануға беруді тапсырды. 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

  • 10.03.2021
  • 241
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика