- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Жаңаөзенде жаңа оқу жылында «Келешек мектептері» жобасы аясында 1200 орындық мектеп ашылады
Жаңаөзенде жаңа оқу жылында «Келешек мектептері» жобасы аясында 1200 орындық мектеп ашылады
Жаңаөзен қаласындағы «Рахат» ауылы Мерей шағын ауданында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» жобасы аясында 1200 орындық жаңа заман талабына сай мектептің құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа мектептің жалпы ауданы 5970,16 шаршы метрді құрайтын жаңа мектептің үш қабатты ғимараты тұрғызылып, сырты әрленіп, терезелері орнатылған. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу, сылақ жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары тамыз айында толық аяқталып, мектеп 2025-2026 жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Бұл білім ордасы оқушыларға сапалы әрі заманауи білім беру үшін заманауи пән кабинеттерімен жабдықталады. Сонымен қатар, STEM зертханалары, робототехника, визуалды дизайн, хореография кабинеттері ашылып, оқушылардың шығармашылық және техникалық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Ерекше білімді қажет ететін балалар үшін де барлық жағдай жасалмақ. Мектепте сенсорлық кабинет, логопед, дефектолог, және психолог кабинеттері соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөліміне қарасты 24 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді.
- 02.07.2025
- 10