- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Нұрдәулет Қилыбай қоғамдық кеңестің жаңарған құрамымен кездесті
20 маусымда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Жиынға кеңестің бұрынғы және жаңа құрамындағы азаматтар қатысты.
Кездесу барысында аймақ басшысы бұрынғы кеңес мүшелерінің қоғамдық өмірге белсене араласып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестерін атап өтіп, ризашылығын білдірді. Сондай ақ жаңарған құрамға сәттілік тіледі.
- Қоғамдық кеңеске мүше болу жауапкершілікті талап етеді. Бұл іске кіріскен әр азамат елдік мәселелерге бейжай қарамайтын, қоғамдағы жағдайларға алаңдайтын тұлға деп білемін. Сіздердің әрқайсыңыздың өңір дамуына қосқан үлестеріңіз зор. Ұсыныстарыңыз бен сыни көзқарастарыңыз Маңғыстау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етіп келеді. Еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Жаңа құрамға сәттілік тілеймін, - деді Нұрдәулет Қилыбай.
Жиын барысында қоғамдық өмірге белсене араласып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың және облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаевтың Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, жаңадан сайланған кеңес мүшелеріне қызметтік куәліктер ресми түрде табысталды.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 02.07.2025
- 8