- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
«Каспий» футбол клубы «Екібастұзға» қарсы ойында жеңіске жетті
20 маусым күні Қазақстан Бірінші лигасының кезекті, оныншы туры аясында өткен ойында Ақтаудың «Каспий» футбол клубы өз алаңында «Екібастұз» командасын қабылдап, 5:3 есебімен жеңіске жетті.
Тартысты ойынды тамашалауға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай арнайы келіп, жергілікті командаға қолдау көрсетті.
Қос тарап жоғары қарқынмен ойын көрсетіп, жанкүйерлерге қызықты ойын сыйлады. Жалпы есепте сегіз гол соғылған бұл кездесуде «Каспий» футболшылары шабуылда белсенділік танытып, қарсылас қақпасына бес мәрте дәл соққы жасады.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 02.07.2025
- 7