- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстауда Мемлекеттік қызметшілер күніне орай сала үздіктері марапатталды
Маңғыстауда Мемлекеттік қызметшілер күніне орай сала үздіктері марапатталды
23 маусым күні мемлекеттік қызмет саласының өкілдері кәсіби мерекесін атап өтті. Атаулы күнге орай Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай сала үздіктерін марапаттап, мерекемен құттықтады.
Салтанатты жиында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері» және «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілері табысталды. Сонымен қатар, өңірлік деңгейде ұйымдастырылған «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» байқауының «Сервистік қызмет көрсетуші» және «Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» номинациялары бойынша жеңімпаздар марапат биігінен көрінді.
Марапаттау рәсімі барысында мемлекеттік қызметтің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген ардагерлер мен Тәлімгерлер кеңесінің мүшелері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ, алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылданған жас мамандар салтанатты түрде ант беріп, ел алдындағы жауапты міндеттерін адал атқаруға серт етті. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастырылған «Мемлекеттік қызметшінің бір күні» атты бейнеролик байқауының жеңімпазы да анықталып, марапатталды.
Іс-шарада облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мемлекеттік қызметтің маңыздылығына тоқталып, сала мамандарына сәттілік тіледі.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кемеңгерлігі мен парасатты саясатының нәтижесінде бүгінде еліміз халықаралық деңгейде маңызды кездесулер өткізіп, әлемдік аренада сенімді серіктес ретінде танылып отыр. Бұл жетістіктерге сіздердің де қосып отырған үлестеріңіз зор. Мемлекеттік қызметтің жүгін түсіну үшін адамның өзі немесе жақын жандары осы салада еңбек етіп көруі қажет. Себебі бұл қызметтің өзіндік ережелері, шектеулері мен кәсіби этикасы бар. Бүгінде өсем, дамимын деген адамға барлық мүмкіндік бар. Егер адал еңбек етсеңіздер, мансап жолында да әділ өсесіздер. Қай істен де қаймықпай, сеніммен алға басыңыздар. Қазіргі әділетті Қазақстанда халық пен билік арасында ашық әрі сенімді байланыс орнады. Тәжірибелеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіз артқан сайын, жаңа биіктерге жетуге толық мүмкіндіктер бар. Алдыңғы буын ағалардың жолын жалғап, ел игілігі жолында табысты қызмет ете беріңіздер. Сіздерге сәттілік тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! - деді Нұрдәулет Қилыбай.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 02.07.2025
- 5