- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Әкімдік жобалары цифрлық бақылауға көшті
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық жиында жобалық басқару жүйесін дамыту мәселесі қаралды.
Қоғамдық кеңес төрағасы Бекмұрат Жүсіповтің айтуынша, бүгінде жобалық офис қызметі кеңейіп, жаңа серпінмен жұмысын жалғастыруда.
- Қазіргі заманғы экономика мен технологияның жедел дамуы кезеңінде жобалық басқару кез келген ұйымның табысты қызметінің маңызды бөлігіне айналуы қажет. Жобалық басқару арқылы өңірдің дамуына әсер ететін мақсатты көрсеткіштерге (KPI) жетуге болады. Ол үшін қай жобаның қандай нәтижеге жеткізетінін анық білуіміз керек. Сондықтан, осы қызметтерді дұрыс ұйымдастыру мен жұмысты жандандыру баршамызға ортақ міндет, - деді Бекмұрат Жүсіпов.
Қазіргі уақытта KPI Monitor ақпараттық дашбордында 2950 өзекті міндет пен 337 жоба тіркелген. Бұл жүйе арқылы әр бағыт бойынша жобалардың санын, мәртебесін және іске асыру барысын нақты бақылауға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар, дашборд қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары үшін қолайлы етіп бейімделген. Олар өз құзыретіндегі жобаларды нақты көріп, онлайн мониторинг жүргізе алады.
Жиын барысында мемлекеттік органдарда жобалық басқаруды енгізу және дамыту барысы бойынша талдау жүргізілді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 02.07.2025
- 9