• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Түпқараған ауданында бірқатар ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда

Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен кеңейтілген жиында Түпқараған ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы, жүзеге асып жатқан жобалар мен алдағы жоспарлар жан-жақты талқыланды. Кеңес барысында аудан әкімі Ержан Күмісқалиев өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ержан Күмісқалиевтың айтуынша, аудан орталығы Форт-Шевченко қаласында биыл 100 орындық жаңа жатақхана мен Мұрын Жырау атындағы өнер мектебі ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Сондай-ақ, теңіз суын тұшытуға арналған, тәулігіне 5 мың текше метр су өндіретін зауыт іске қосылып, қаланың ауыз су мәселесін түбегейлі шешті. Бұл өз кезегінде балық және өсімдік шаруашылығы сияқты суға тәуелді салалардың дамуына жол ашты.

- Инженерлік инфрақұрылым саласында да бірқатар жұмыстар атқарылды. Сайын Шапағатов ауылында тұрғын үйлерге газ тартылып, Сәубет агроаймағы мен Ақшұқыр ауылындағы бірнеше орам электрмен жабдықталды. Ал Форт-Шевченко қаласында 900 жер теліміне электр желісі тартылды. Жақын арада Сайын ауылында жаңа подстанция іске қосылып, Ақшұқыр мен Сайын арасындағы электр жүктемесі теңестірілмек. Бұл екі ауылда жиі орын алатын жарық өшу мәселесін шешеді, - деді Ержан Күмісқалиев.

Жолаушылар тасымалын жақсарту мақсатында ауданға 5 жаңа автобус сатып алынып, олар Форт-Шевченко, Баутино және Аташ бағытында қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, Қызылөзен мен Форт-Шевченко арасында жаңа маршрут іске қосылды.

Қазіргі таңда Аташ ауылында су құбыры тартылуда, Қызылөзенде спорт зал құрылысы жүріп жатыр. Ақшұқыр ауылындағы «Жастар орталығы» ғимараты жаңғыртылуда. Ал сол елдімекендегі мектеп-гимназияға 300 оқушыға арналған қосымша оқу корпусы салынуда. Сайын ауылында 1200 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталуда. Сонымен бірге, Ақтау мен Форт-Шевченко арасындағы жолды қайта жаңарту және Таушық-Форт-Шевченко бағытындағы тас жол құрылысын толық аяқтау жұмыстары жүріп жатыр.

Ауданға тартылып жатқан инвестициялар да назар аударуға тұрарлық. Қызылөзен ауылында швейцариялық инвесторлардың қолдауымен балық фермасын салу және балық шаруашылығы кластерін құру қолға алынуда. Баутин ауылында жұмыс істеп тұрған балық қабылдау және өңдеу кәсіпорны өндіріс көлемін ұлғайтуды жоспарлауда.

NCOC компаниясының қолдауымен 110 гектар жерге 110 мың түп ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Болашақта ауданда жасыл-желек питомнигін салу жоспары бар. Бұдан бөлек, Ақшұқыр ауылында бальнеологиялық санаторий кешенін салу жоспарланып отыр.

Жиында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобаларды мұқият пысықтауды және қолға алынған бастамаларды белгіленген мерзімде және сапалы аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ өңір басшысы Форт-Шевченко қаласындағы тарихи Иса-Досан ескерткішінің аумағын абаттандыру жұмыстарын жеделдетуді аудан әкіміне жүктеді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 02.07.2025
  • 9
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика