- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Бүгін, 26 маусым күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау және Жаңаөзен қалаларынан, сондай-ақ Қарақия мен Маңғыстау аудандарынан келген азаматтарды жеке қабылдады.
Азаматтар тарапынан көтерілген мәселелер қатарында баспанаға мұқтаждық, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, көпбалалы және әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету, инфрақұрылымды жақсартуға байланысты ұсыныстар мен денсаулық сақтау жүйесіне қатысты сұрақтар болды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты жеңілдіктерді қарастыру, қала ішіндегі абаттандыру мен қолжетімді ортаны қамтамасыз ету мәселелері де қозғалды.
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, заң аясында шешу үшін жауапты мемлекеттік орган басшыларына нақты тапсырмалар берді. Өңір басшысы барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 02.07.2025
- 21