• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда алғаш рет «Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру» республикалық форумы өтеді

Маңғыстауда алғаш рет «Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру» республикалық форумы өтеді

Маңғыстау облысында 23-27 маусым аралығында алғаш рет кең ауқымда «Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру» бойынша республикалық форум өтеді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Долдашев хабарлады.

Спикердің айтуынша, жұмыс күшінің мобильділігін арттыру мақсатында ерікті түрде қоныс аудару бойынша жәрмеңкеге жұмыс іздеуші азаматтар мен жұмыс берушілер қатысады. Аталған форумға балалар ауылдарының тәрбиеленушілері, балалар үйлерінің түлектері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі мектеп-интернат түлектері өтініш бере алады.

–Басымдық жұмыскерлер саны немесе штаттың қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан, яғни, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі азайғандықтан жұмыстан босатылған адамдарға беріледі, – деді Нұрбол Долдашев.

Сондай-ақ, брифинг барысында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көші-қон бөлімінің басшысы Лаура Махмутова солтүстік өңір өкілдерінің қатысуымен «Қоныс аудару» жәрмеңкелері өтетіндігін айтты. Жәрмеңке облыстың барлық қалалары мен аудандарын қамтиды. Қоныс аударушыларға қолдау көрсету мақсатында қосымша субсидиялар қарастырылған.

–Қоныс аударушыларға материалдық көмек ретінде отбасының әрбір мүшесіне 275,2 мың теңге көлемінде төлем қарастырылған. Сонымен қатар, тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабуға арналған біржолғы төлем – 12 ай ішінде 15-тен 30 АЕК-ке дейін(58 980-нен 117 960 теңгеге дейін) беріледі. Ерікті қоныс аудару бағдарламасына қатысушылар тұрғылықты мекен-жайы бойынша мансап орталықтарына жүгінуі қажет. Биылға арналған қоныс аударушыларды қабылдау өңірлік квотасына сәйкес мына облыстар белгіленді: Абай, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облысы, – деді Лаура Махмутова.

Айта кетейік, «Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру» форумына және «Қоныс аудару» жәрмеңкесіне қатысу арқылы тұрғындар жұмыссыздыққа қатысты сұрақтарға жауап ала алады. Байланыс нөмірі: 60 52 53.

  • 02.07.2025
  • 20
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика