• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде құрметке бөленді

27 маусым күні Маңғыстау облысында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Айтулы шараға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, өңірдің журналистика саласының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Өңір басшысы журналистиканың қоғамдағы маңызын ерекше атап өтіп, отандық ақпарат кеңістігін дамытудағы тілшілер қауымының еңбегін жоғары бағалады.

- Қазақ журналистикасының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері әрдайым ерекше құрметке лайық. Жуырда ғана Мемлекет басшысының қолынан үздік журналистер мемлекеттік марапаттарға ие болды. Журналистика - жүгі ауыр, жауапкершілігі жоғары сала. Бүгінде ақпарат айдынында табандылықпен еңбек етіп жүрген тілшілер заманауи медианың мүмкіндіктерін тиімді игеріп, аянбай қызмет етуде. Сіздер елді ынтымаққа, берекеге үндеп, қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты нығайтуда билік пен халық арасындағы алтын көпір рөлін атқарып келесіздер. Тәуелсіздік жылдарындағы түрлі сын-қатерлер кезеңінде де журналистер елмен бірге болды. Бұл абыройлы миссияны бүгін де үлкен жауапкершілікпен атқарып келеді. Сала мамандарының адал еңбегі мен ұлт алдындағы қызметі - шынайы құрмет пен марапатқа лайық, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Мерекелік жиын барысында өңірлік журналистика саласының дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар сала ардагерлері мен кәсіби мамандар мемлекеттік және салалық марапаттарға ие болды.

Атап айтқанда, көп жылдық қажырлы еңбегі мен аймақ журналистикасына қосқан үлесі үшін Әнуарбек Жәнібекке «Құрмет» ордені табысталды.

Сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» медалімен баспа басылымы саласында ұзақ жылдар қызмет атқарған журналистика ардагері Жоламан Айдарбаев пен тележурналистика саласының ардагері Таласбаева Ағлен марапатталды.

Айта кетейік, ақпарат кеңістігінде абыройлы еңбек етіп келе жатқан өңірге белгілі тілші, «Маңғыстау-Медиа» ЖШС директорының орынбасары Лаура Тындырғанова жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолынан «Шапағат» медалін алып, ел алғысына бөленді.

Ақпарат саласындағы кәсіби шеберлігі мен жемісті қызметі үшін ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі «Огни Мангистау» газетінің тілшісі Гүлмира Садыроваға, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының режиссері Айгүл Сарайшыковаға және аудандық «Ақкетік арайы» газетінің редакторы Милана Елеусиноваға табысталды.

Бұдан бөлек, саланың дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар журналистер ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Шара аясында түбектің төл арнасы “Маңғыстау” телеарнасының 55- жылдығына орай жарық көрген «Елмен бірге – 55 жыл» атты кітаптың тұсауы кесілді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 02.07.2025
  • 22
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика