• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда 1800-ге жуық түлек жоғары оқу орнын аяқтады

27 маусым күні Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы Yessenov University-де түлектерге диплом тапсыру рәсімі өтті. Ашық аспан астында ұйымдастырылған салтанатты жиында университет бітірген 1800 жас маманға жоғары білім туралы диплом табысталды. Соның ішінде 43 түлек үздік үлгерімімен қызыл диплом иегері атанды.

Салтанатты рәсімге Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай арнайы қатысып, жас түлектерге сәт сапар тіледі. Аймақ басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастар саясатына, білім беру саласына ерекше назар аударып келе жатқанын атап өтті.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде білім беру саласына, әсіресе орта және жоғары білімге, жастардың жарқын болашағына ерекше мән беріліп келеді. Соның жарқын көрінісі бүгін Есенов университету қабырғасында, ашық аспан астында өтіп жатқан осы бір тарихи әрі тағылымды сәт. Сіздердің алдарыңызда жаңа белестер, мүмкіндіктер мен үлкен жауапкершілікке толы өмір жолы жатыр. Сіздер Маңғыстау өңірінің ғана емес, бүкіл қазақ елінің үміті, болашағысыздар. Біз сіздерге сенеміз. Қолдарыңыздан бәрі келеді. Ұмтылыңыздар, төзіңіздер, шыдаңыздар. Сонда үлкен жетістіктерге, биік белестерге жетесіздер. Жолдарыңыз ашық болсын. Осындай жетістікке жетуге қолдау білдірген ата-аналарыңызға, ұстаздарыңызға мың алғыс, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Университет ректоры, профессор Берік Ахметов та ата-аналар мен ұстаздарға алғысын білдіріп, жас түлектерге жаңа өмір жолында табыс тіледі.

Айта кетейік, Yessenov University бүгінде тек Маңғыстау өңірінің ғана емес, еліміздің жоғары білім беру кеңістігіндегі беделді оқу орындарының бірі саналады. Университет биыл алғаш рет халықаралық QS World University Rankings 2025 жаһандық рейтингіне еніп, әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарына қосылды. Қазіргі таңда білім ордасында 9 000-нан астам студент білім алуда. 1976 жылдан бері Yessenov University 43 мыңнан астам түлекті үлкен өмір жолына аттандырған.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 02.07.2025
  • 22
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика