• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда 11 елдің қолөнер шеберлері мәдени астана жылына арнап текемет басты

«Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында ұйымдастырылған «Даламен үндес баба өнер» атты халықаралық қолөнер шеберлерінің фестивалі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Екі күнге созылған фестиваль аясында 11 елдің қолөнер шеберлері мәдени астана жылына арнап текемет басты.

—Фестиваль аясында қойдың күзем жүнінен алдын ала сабап негізін және талдырмаларды дайындап алдық. Содан соң барлық түркі жұртының қолөнер шеберлерімен бірлесіп, өнер туындысына әр елдің ұлттық өрнегін көмкердік. Осы өрнектердің ортасына «Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының логотипін орналастырдық. Біреуіміз бір жағынан өрнегін салсақ, енді біріміз логотиптің детальдарын толықтырдық. Қолдан жасаған ұлттық материал түркі халықтары бірлігінің нышаны іспеттес, - деді Түрікменстан Республикасының дизайнері Айна Дурдылыева.

Іс-шараға жалпы 15 шетелдік және 30 қазақстандық шебер қатысты.

-Текемет, киіз – тек тұрмыс бұйымы емес, ол – әр ұлттың болмысын, салтын, рухын бойына сіңірген мәңгілік өнер туындысы. Әр өрнек – жүректен шыққан мұра, әр иірім – ұрпаққа арналған аманат. Бүгін басталатын бұл жұмыс – түркі халықтарының бірлігін, бауырластығын, тағылымды тарихын бедерлейтін символдық көрініс, - деді ұйымдастырушылар.

Сондай-ақ, өңір тұрғындары әр ұлттың дәстүрлі қолөнерін тамашалап қана қоймай, туындылардың шығу тарихымен танысты. Фестивальдің жабылу салтанатында отандық және шетелдік дизайнерлердің туындыларынан сән көрсетілімі ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Түрікменстан дизайнері Айна Дурдылыиева, Қырғызстан дизайнері Асылжан Қамбарова, Өзбекстан дизайнері Наргиза Мусажанова, Моңғолстаннан Сувд Банзрагчтың туындылары және жергілікті «Жадағай», «Масакова», «Нұршах», «Тәрбия» сән үйлерінің топтамалары көрсетілді. Салтанатты шараға ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев қатысып, мұндай игі шаралар тығыз ынтымақтастықтың арқасында жүзеге асып жатқандығын айтты.

-Каспий теңізінің жағасында екі күн бойы ерекше мәдени кездесудің куәсі болдық. Дала рухын заманауи үлгімен ұштастырған бұл сән топтамалары тек киім немесе қолөнер бұйымы ғана емес, ортақ болмысымыздың, өткеніміз бен келешегіміздің символына айналды. Біз олардың әрқайсысымен мақтанамыз. ТҮРКСОЙ ұйымы ретінде біз ортақ мәдени мұрамызды дәріптеуді әрі осындай жобаларға қолдау көрсетуді жалғастыра береміз. Әрине, мұндай игі шаралар тығыз ынтымақтастықтың арқасында жүзеге асуда. Баршаңызға шығармашылық табыс тілеймін, алдағы жобаларда да бірлесе жұмыс істеуді жалғастыра беруге ниеттіміз,- деді Сұлтан Раев.

Кеш барысында өнер иелеріне ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев пен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев арнайы марапаттар табыстады.

Сонымен қатар, салтанатты шараға арнайы шақырылған қонақ, дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева өнер көрсетіп, көрерменді әуезді әнмен тәнті етті.

  • 02.07.2025
  • 11
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика