• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Маңғыстауға жұмыс сапарымен келді

1 шілде күні ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Сүйіндік Алдашов пен Бекбол Орынбасаров, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев өңірде жүзеге асып жатқан бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобалармен танысты.

Сапар Батыр ауылдық округінде салынып жатқан «Келешек мектеп» құрылысынан басталды. Ұлттық бағдарлама аясында қолға алынған бұл білім ордасы заманауи жабдықтармен қамтылып, оқушылар үшін қолайлы және қауіпсіз оқу ортасын қалыптастыруды көздейді.

Одан кейін делегация дәл осы ауылда бой көтеріп жатқан 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхана құрылысының жай-күйін көрді. Өткен жылдың қазан айында басталған құрылыс жұмыстары биыл аяқталады деп жоспарланған.

Келесі нысан - Мұнайлы аудандық орталық ауруханасы. Жалпы ауданы 30 мың шаршы метрді құрайтын, 150 төсек-орынға арналған жаңа емдеу мекемесінде бүгінде 250-ден астам медицина қызметкері еңбек етеді. Ауруханада терапия, хирургия, педиатрия, босану, реанимация және медициналық оңалту бөлімшелері жұмыс істеп тұр.

Бұдан бөлек, делегация құс шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобамен танысты. Аталған жоба аясында жылына 7 миллион инкубаторлық жұмыртқа өндіретін екінші ретті асыл тұқымды репродуктор кешені салынуда.

Сапар аясында делегация Арнайы экономикалық аймақ – «Ақтау теңіз порты» аумағында орналасқан контейнерлік аэрохабтың жұмысымен де танысты. Президенттің тапсырмасымен басталған бұл жоба Ақтау портын Каспий маңы мемлекеттері мен Орталық Азия елдеріне бағытталған ірі логистикалық орталыққа айналдыруды мақсат етеді. Жалпы ауданы 19,2 гектарды құрайтын хабтың өткізу қуаттылығы - бірінші кезеңде жылына 120 мың ДФЭ, ал толық іске қосылған соң 240 мың ДФЭ-ге жетпек. Жоба 2024–2026 жылдар аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асады.

Жұмыс сапары барысында нысандардың қазіргі жағдайы, құрылыс қарқыны мен сапасы жан-жақты сараланып, алдағы жоспарлар пысықталды.

 Сонымен қатар ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ақтау қаласының әкімдігінде кездесу өткізді.
Жиынға сенаторлар қазіргі таңда ҚР Парламенті Сенатының негізгі міндеттері мен мақсаттарын және қазіргі күні атқарылып жатқан жұмыстардың жәй-күйін айтып, өзекті мәселелерге тоқталды. Оның қатарында, инфақұрылым, жұмыссыздық, шағын және орта бизнесті дамыту мен өзге де мәселелерге назар аударды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 02.07.2025
  • 7
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика