• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, суару маусымының барысымен және министрлік жүзеге асырып жатқан жобалардың іске асырылуымен таныстым.

Ең алдымен Жалағаш, Қазалы және Қармақшы аудандарының шаруаларымен кездесіп, оларды толғандырған сұрақтарға жауап бердім. Сондай-ақ судың «көлеңкелі нарығына» қарсы күрес шаралары, су үнемдеу технологияларын енгізуді субсидиялау және суармалы суды әділ бөлуді қамтамасыз ету шаралары жайлы айтып бердім.

Жалағаш және Қармақшы аудандарының диқандары министрліктен қосымша сорғылар сатып алуға көмек көрсетуді сұрады. Біз бұл мәселеде фермерлерге міндетті түрде қолдау көрсетеміз.

Былтыр қазан айынан бастап біз Қызылорда облысына, соның ішінде Солтүстік Арал мен өңірдің көл жүйелеріне су беруді ұлғайттық, алайда ауа райы жағдайлары мен жауын-шашынның аздығына байланысты вегетациялық кезең 20 күн бұрын басталды. Климаттың өзгеруі Сырдария бассейнінің су ресурстарына одан әрі әсер етеді. Сондықтан су үнемдеу технологияларын енгізуді жеделдету, ылғалды аз қажет ететін дақылдарға көшуді қарастыру және жалпы суармалы суды неғұрлым ұтымды пайдалану қажет.

Содан кейін «Қазсушар» РМК-нің «Сыр суы» филиалына жаңа арнайы техникалардың кілттерін тапсыру рәсіміне қатыстым. Жалпы алғанда, филиал 30 техника алды, оның ішінде экскаватор-тиегіштер, шынжыр табанды экскаваторлар, тракторлар, тіркемелер, су тасығыштар, самосвалдар, автокран, тартқыш, аспалы жабдық, дизельді генератор және т.б. бар. Филиалға жалпы саны 35 техника бөлінді, енді қалған 5 техника биыл қыркүйекке дейін жеткізіледі. 

Естеріңізге сала кетейін, қазіргі уақытта «Қазсушар» РМК филиалдарын бүкіл ел бойынша жаңа жабдықтармен жарақтандыру жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда кәсіпорын филиалдары жоспарланған 757 арнайы техника мен автокөліктің 439-ын алды. 

Арал ауданында «Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру» жобасының іске асырылу барысымен таныстым. Бүгінгі таңда «Тұщы», «Сарытерең» және «Қарашалан-1» каналдарын механикалық әдіспен тазалау, сондай-ақ «Тәуір» қорғаныс бөгетін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 

Сонымен қатар «Көкарал» және «Ақшауыт» бөгеттерін қалпына келтіру және нығайту, сондай-ақ «Қарашалан-2» каналын тазарту жалғасып жатыр. Жоғарыда аталған төрт каналда бас құрылыстардың құрылысы жүргізілуде. 2026 жылдың соңына дейін жұмысты толық аяқтау жоспарда бар.

Ірі экологиялық жоба Арал маңы өңірінің экологиялық тепе-теңдігін қалпына келтіруге, су ресурстарын тиімді пайдалануды арттыруға және аймақтағы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Жобаның жүзеге асырылу барысымен танысып, барлық жоспарланған жұмыстың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырдым.

  • 04.07.2025
  • 27
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Нұржігітов Н.М.
(Мұрағат)

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика