- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
Түркістан облысында іссапармен жүрмін. Мұнда Түлкібас ауданында жалпы ұзындығы 108,7 шақырым болатын 13 каналға жасалған реконструкция жұмыстарымен таныстым. Оның ішінде 76,3 шақырымы бетондалып, 32,4 шақырымы механикалық жолмен тазартылды.
Бүгінде каналда әрлеу және тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Реконструкция жұмыстарының нәтижесінде 8 632 гектар егіс алқабы қайта игеріліп, аудан бойынша суармалы жердің жалпы көлемі 16 832 гектарға жетеді.
- 04.07.2025
- 32