- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
Сайрам ауданының диқандарымен кездесіп, елімізде су шаруашылығын дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстар жөнінде айтып бердім.
Түркістан облысының диқандарын суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін Бәйдібек ата су қоймасы салынып жатыр. Нысан қолданысқа берілгеннен кейін Сайрам ауданында суармалы сумен қамту мәселесі толық шешіледі.
Дегенмен шаруа қожалықтары су үнемдейтін жүйелерге көшуі керек. Бұл - заман талабы. Елімізде су үнемдеу жүйелерін сатып алу шығыны 80%-ға дейін өтеледі. Ұңғыма қазу үшін де 80% субсидия қарастырылған. Мемлекет тарапынан қолдау бар, енді соны пайдалану керек.
- 04.07.2025
- 28