- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
Түркістан облысының «Қазсушар» филиалына жаңа арнайы техникалардың кілттерін табыстау рәсіміне қатыстым. Филиал 69 техника алды, оның ішінде экскаватор-тиегіштер, шынжыр табанды экскаваторлар, тіркемелер, су тасығыштар, самосвалдар, автокран, тартқыш, аспалы жабдық, дизельді генератор және т.б. бар. Филиалға жалпы саны 133 техника бөлінді, енді қалғаны жыл соңына дейін жеткізіледі.
Бүгінде еліміз бойынша «Қазсушар» РМК филиалдарын жаңа жабдықтармен жарақтандыру жалғасып жатқанын еске сала кетейін. Қазіргі уақытта кәсіпорын филиалдары жоспарланған 757 арнайы техника мен автокөліктің 439-ын алды.
- 04.07.2025
- 31