- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Құрметті отандастар! Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – әр отандасымыз үшін айрықша маңызға ие мереке. Астана – жаңа дәуірдің символы, тәуелсіз Қазақстанның тұрақты дамуға, инновацияларға және жаһандық интеграцияға ұмтылысының айқын дәлелі. Еліміздің қақ ортасында орналасқан бас шаһарда мемлекеттік бастамалар көтеріліп, ауқымды жобалар іске асырылады әрі біздің қоғамның болашағын айқындайтын шешімдер қабылданады.
Бүгінде елорда өңірдегі заманауи және қарқынды дамып келе жатқан қалалардың бірі болып саналады. Оның архитектуралық келбеті, инфрақұрылымдық мүмкіндіктері мен іскерлік белсенділігі қарқынды даму мен озық тәжірибеге деген ұмтылысын байқатып отыр.
Бас шаһар одан әрі өркендеп, орнықты өсім мен ұлы жетістіктер жолында табысқа кенеле берсін! Бұл күн елорданың барлық тұрғыны мен қонақтарына қуаныш, шабыт және шаттық сыйласын! Әсем қаланың болашағы тек жағымды оқиғалар мен жемісті жеңістерге толы болсын!
Мереке құтты болсын!
- 06.07.2025
- 7