- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстауда су ресурстарын басқаруға бағытталған инвестициялық жобалар ұсынылды
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қытайдың «China Energy Overseas Investment» мемлекеттік компаниясының өкілдерін қабылдады. Кездесу барысында өңірдегі су ресурстарын басқаруға бағытталған инвестициялық жобалар таныстырылды.
Компания өкілдері Ақтау қаласында қуаттылығы тәулігіне 50 000 м³ болатын су тұщыту қондырғысын және тәулігіне 30 000 м³ көлемінде ағынды суды тазартуға арналған зауыт салу бойынша ұсыныс білдірді.
«China Energy Overseas Investment» — энергетика, су ресурстарын басқару және қалдықтарды энергияға айналдыру бағытында халықаралық жобаларды жүзеге асырып келе жатқан ірі мемлекеттік компания. Мекеме бастамалары экологиялық тұрақтылықты арттырып, өңірлік инфрақұрылымды дамытуға ықпал етуге бағытталған.
Өңір басшысы екіжақты ынтымақтастыққа ашық екенін айтып, ұсынылған жобалардың экономикалық және техникалық тұрғыдан тиімді болса заң аясында қолдау болатынын жеткізді.
- Біз барлық инвесторлар үшін ашықпыз. Өңірге экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайда әкелетін нақты жобаларды әрқашан қолдауға дайынбыз. Егер ұсынылған бастамалар заң талаптарына сай болып, екі тарап үшін де тиімді болса, біз қолдауға әзірміз. Мұндай серіктестік өңірдің инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға елеулі үлес қосады, – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 08.07.2025
- 2