• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда ерекше форматта сенбілік өтті

Бүгін, 5 шілде күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ақтау қаласында жаппай сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық акциясына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаров,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин, «Amanat» партиясының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, жастар мен қала тұрғындарды қатысты.

Тазалық шарасы ерекше форматта ұйымдастырылды. Теңіз жағасына ағаш үйлер тігіліп, сенбілікке қатысушыларға ыстық шай мен ас ұсынылды. Тұрғындар үшін арқан тарыс, гір тасын көтеру және ләңгі тебу сынды спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Экологиялық акцияға қала бойынша барлығы 600-ден тұрғын қатысып, 15 техника жұмылдырылды. 100-ге жуық тонна қоқыс шығарылды. Тазалық жұмыстары теңіз жағалауымен қатар, 1 шағын аудан №2 үй маңында, «Ақбота» саябағында және бірқатар шағын аудандар ауласында жүргізілді.

Іс-шара барысында Маңғыстау табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Хайдар Тулеушов өңірде анықталған рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері туралы баяндама жасаған көшпелі жиын өтті.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның геопорталы бойынша былтыр Маңғыстау облысында 68 нүктеде рұқсатсыз орналасқан қоқыстар көрсетілген. 2024 жылы анықталған нүктелер 98%-ға жойылып, геопорталға салынды. Жойылмаған 4 нүкте Жаңаөзен қаласындағы жеке кәсіпкердің территориясында орналасқан. Тазалау жұмыстары жыл аяғына дейін аяқталады.
 
2025 жылы 24 маусымда алынған қорытынды спутниктік суреттерге сәйкес Маңғыстау облысы аумағында 61 заңсыз қоқыс төгілген орын анықталды. Басқарма ақпараты бойынша қала және аудандарға рұқсатсыз орналасқан қоқыстар жою бойынша хат жолданды.

Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай экологиялық тәртіпті сақтау — әр азаматтың борышы екенін атап өтіп, құқық қорғау органдарына бақылауды күшейтуді тапсырды.

- Кіші Оймаша маңындағы қоқыс қалдықтары біржарым ай бұрын ғана тазаланған еді. Міне, бұл көрініс қайталанып отыр. Менің ойымша, ластайтын Маңғыстау тұрғындары емес, өз жерін сүймейтін адамдар. Қоқыстың барлық түрі арнайы полигонға апарып төгілуі керек. Құқық қорғау органдары рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағандарға тәртіпті қатаңдату керек. Қажет болса қоқыс көп төгілетін жерлерге арнайы бейне камера қойыңыздар. Біз қазірден бастап, бұл бассыздықты тоқтатпасақ, арты үлкен мәселелер мен шығындарға алып келеді , - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

  • 08.07.2025
  • 4
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика