- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Ақтауда жаңа сауда орталығы ашылды
ҚР Президентінің Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында берілген «Сауда инфрақұрылымын дамыту» жөніндегі тапсырмасына сәйкес Ақтауда жаңа ойын-сауық орталығы ашылды.
Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаров қатысты. 10-шағын ауданда орналасқан «Saya Park» ойын-сауық орталығының жалпы жер аумағы 4 гектар болса, сауда алаңы 36 000 шаршы метрді құрайды. Орталықта жеті залдан тұратын кинотеатр мен балаларға арналған ойын-сауық аймағы бар. Сауда орталығының ерекшелігі мұнда қызмет ететін кәсіпкерлер табысының 1 пайызы қайырымдылыққа жұмсалатын болады.
Орталықтың сыртында тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін автотұрақ салынған. Кешен аумағында тұрғындардың демалып отыратын шағын саябақ та бой көтерген.
Шараға қатысқан облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай жаңа сауда орталықтарының өңір экономикасына оң серпін беретіндігін атап өтіп, кешеннің жұмысына сәттілік тіледі.
Орталыққа келген қала тұрғындары кешеннің ерекше стильде салынғанын айтты.
-Осы орталық іші де, сырты да әдемі екен. Әсіресе, сауда орталығының алдында кешке отбасымызбен серуендеуге жайлы орын бар. Қаламыздың көркейгеніне қуаныштымыз, - деді Ақтау қаласының Ақілгек Баймұханова.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
- 08.07.2025
- 3