- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстаулық боксшы Бекзад Нұрдәулетов әлем кубогының жеңімпазы атанды
Маңғыстаулық боксшы Бекзад Нұрдәулетов 6 шілде күні Астанада өткен әлем кубогында жеңімпаз атанды.
Жекпе-жек ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті. Мемлекет басшысы финалдық кездесулерді трибунадан тамашалап, ұлттық құрамаға қолдау көрсетті.
85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ақтық жекпе-жекте Бекзад Нұрдәулетов үндістандық спортшы Жугно Жугномен жұдырықтасып, 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Қазақстан бокс федерациясының мәліметіне сәйкес, жерлесіміз алғашқы раундтан-ақ қарсыласын нокдаунға түсіріп, соққы жасауға мүмкіндік бермеді. Жекпе-жектің бірінші раундында-ақ қарсыласын нокаутқа түсірген.
Айта кетейік, Жаңаөзен қаласының тумасы Бекзад Нұрдәулетов алғашқы кездесуінде ұлыбританиялық спортшыны сенімді түрде жеңіп, жартылай финалға жолдама алған болатын.
- 08.07.2025
- 3