- Блогтар
- Досаева Ж.Р.
Досаева Ж.Р.
ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы
Этносаралық саладағы терминдерді қолдану бойынша журналистерге арналған семинар өтті
А.ж. 28 мамырда ZOOM форматында Этносаралық саладағы терминдерді қолдану бойынша журналистерге арналған семинар өтті. Іс-шараға барлық өңірден 100-ге жуық журналист, мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары мен ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері қатысты. Семинар барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты А.Сатвалдиев жиынды ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Әрі қарай спикерлер ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының Бас директоры А.Сәдуақасова, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының сарапшылары Г.Оқасова, Ж.Кәрім, А.Сағынбаевалар этносаралық қатынастар саласындағы әлеуметтік шиеленісті жариялау барысындағы журналистік этиканың психологиялық аспектілері, медиакеңістікте этносаяси терминологияны қолдану және демографиялық және этнодемографиялық жағдайды жариялаудың ерекшеліктері туралы ақпарат берді
- 08.07.2025
- 12