• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда сұйытылған табиғи газ және метанол өндіретін зауыттар салынады

8 шілдеде Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Condor Energies» компаниялар тобының Басқарушы Директоры, «Qazaq LNG» ЖШС Бас директоры Норман Шторммен кездесті. Тараптар өңірде бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Басқосуда екі маңызды жобаның жүзеге асырылу барысы қаралды. Атап айтқанда, компания Қарақия ауданының Құрық порты маңында жылына 145 мың тонна сұйытылған табиғи газ өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Жалпы аумағы 16 гектарды құрайтын бұл жоба 2027 жылы іске қосылады деп күтілуде. Зауыттың құрылысы кезеңінде 300 адам жұмыспен қамтылып, пайдалануға берілгеннен кейін 100 тұрақты жұмыс орны ашылмақ.

Сонымен қатар, екінші жоба бойынша сұйытылған табиғи газ зауытының жанында, жылына 100 мың тонна метанол өндіретін зауыт салу көзделуде. Бұл жоба да 2027 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Метанол - химия өнеркәсібі, энергетика және көлік саласында кеңінен қолданылатын маңызды шикізат. Зауыттың құрылысы кезеңінде 350 адам жұмыспен қамтылып, іске қосылғаннан кейін 200 тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Кездесуде облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңір әкімдігі тарапынан жобалардың уақтылы әрі табысты іске асырылуына жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

- Біз әрдайым өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайынбыз. Жобалар Мемлекет тарапынан заңнамада көзделген барлық қажетті шаралар қарастырыла отырып, мемлекеттік құрылымдармен бірлесе тиісті қолдау көрсетуге әзірміз. Сонымен қатар, сіздерді және серіктестеріңізді өңір экономикасының басқа да салаларында, атап айтқанда өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика бағыттарында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастыруға шақырамын. Біз бірлесе жұмыс істеуге әрқашан дайынбыз, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Айта кетейік, «Condor Energies» халықаралық энергетикалық компаниясы Қазақстанда 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда компания Орталық Азиядағы алғашқы сұйытылған табиғи газ зауытын Қазақстанда іске қосу жоспарын жүзеге асырмақ.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 09.07.2025
  • 8
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика