• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысында қуаттылығы 160 МВт болатын бу-газ қондырғысы салынады

Бүгін, 9 шілде күні Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев Қытайдың CHDOI компаниясының вице-президенті Чжоу Цинкемен кездесті. Басқосуда Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты мен Қытайдың Huadian Kazakhstan Energy компаниясының бірлескен «Ақтау энергетикалық компаниясы» кәсіпорны аясында қуаттылығы 160 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу жобасы талқыланды.

Заманауи электр станциясы газ турбиналық және бу турбиналық екі бөліктен тұрады. Жобаны іске қосу өңірдің электр энергиясына деген өсіп жатқан сұранысты қанағаттандырып, жоспарлы жөндеу жұмыстары кезінде МАЭК қуатын үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жобаның маңызды артықшылықтарының бірі - құрылыс жұмыстары аяқталған соң станция толығымен МАЭК басқаруына өтеді. Қазіргі таңда нысан құрылысына қажетті жер учаскесі бөлініп, жұмыстар басталып кеткен.

Кездесу барысында қытайлық компания өкілдері жобаны сәтті жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерін салуға дайын екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ олар жергілікті ресурстар мен жұмыс күшін барынша пайдалануға ниетті екенін атап өтті.

Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев әкімдік тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетінін айтты.
 

- Бұл жоба өңір үшін стратегиялық маңызға ие. Өйткені ол аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін бермек. Облыс әкімі Нұрдәулет Игілікұлы бұл бастамаға жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Сіздердің мол тәжірибелеріңіз бар, бүгінге дейін көптеген ірі жобаларды жүзеге асырып келесіздер. Әкімдік тарапынан барлық қажетті көмек көрсетеміз. Қазіргі таңда жер бөлініп, тиісті жұмыстар басталды. Алдағы уақытта нақты нәтижелер күтеміз. Қосымша қолдау қажет болса, әрдайым бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, - деді Аббат Өрісбаев.



Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 09.07.2025
  • 7
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика