• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
МАҢҒЫСТАУҒА ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ РОМАН СКЛЯР КЕЛДІ

Маңғыстау облысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен келді. Ол өңірде жүзеге асырылып жатқан бірқатар ірі инфрақұрылымдық және туристік жобалардың барысымен танысты. Премьер-Министрінің орынбасары Р.Скляр мен облыс әкімі С.Трұмов алдымен «Ақтау-әуежай» тас жолының құрылыс жұмыстарын көрді. Бүгінде онда жолды кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаға сәйкес, жаңа жол төрт жолақты болады. Құрылыс жұмыстары қаладан әуежайға баратын трассаның 5 шақырымынан бастап 43-ші шақырымына дейін жүргізіледі. Бірінші кезеңде 5-29 шақырымдағы жолдар жасалады. Бұл жоба республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылуда. Осыдан кейін Р.Скляр бастаған жұмыс тобы жаңа шағын аудандардың құрылысымен танысты. Болашақта Ақтауда тағы жаңа 7 шағын аудан (36-42) бой көтереді. Қазіргі уақытта инженерлік желілерді одан әрі құру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысын осы жылдың тамыз айында алу жоспарланып отыр. 2021 жылдың басында өңірде "Хонда" орталығынан Өмірзақ ауылындағы "Т"- тәрізді қиылысқа дейінгі автомобиль жолын қайта құру басталды. Ені 14 метр, ұзындығы 4.5 шақырым жаңа жол учаскесі туристік аймаққа және кері қарай келе жатқан автомобильдердің ағынын жеңілдетуге мүмкіндік береді және әсіресе жазғы кезеңде қозғалысты жеңілдетеді. Р.Скляр сондай-ақ, Ақтау туристік аймағында инженерлік инфрақұрылымның құрылуымен танысты. Бүгінде онда ұзындығы 35 шақырым су сорғыш және ұзындығы 32 шақырым коллектордың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Туристік аймақ аумағында вице-премьерге әлемдік деңгейдегі қонақ үйлердің, виллалар мен апартаменттері бар кешеннің, ойын-сауық орталықтарының құрылысы туралы баяндалды. Жаңа туристік нысандар биыл іске қосылады деп күтілуде. Бұдан бөлек Премьер-министрдың орынбасары Ақтау қаласындағы №2 кәріз-тазарту станциясының аумағында болды. Қондырғы су зарарсыздандыру және қайта пайдалану арқылы жасыл желектерді суару үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Бастапқы кезеңде КОС-2-нің тазарту қондырғысы жалпы қуаты тәулігіне 16 мың текше метр болады, одан әрі 40 мың текше метрге дейін артады. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 11.03.2021
  • 308
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика