• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы өкілін қабылдады

Бүгін, 10 шілде күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасындағы өкілі доктор Рашед Мұстафа Сарвармен кездесті. Басқосуда тараптар балалардың құқықтарын қорғау, жастар саясатын дамыту, тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.

Доктор Рашед Маңғыстау облысында жүргізген кластерлік зерттеу нәтижесінде (МИКС) көп көрсеткіштер бойынша облыс әкімдігінің жоғары деңгейдегі үйлестіруін атап өтті.

МИКС нәтижелері бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы оң динамика көрсетіп отыр. Бүгінде Маңғыстау облысы әлеуметтік салаларға, атап айтқанда білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғауға бөлінетін бюджет үлесі бойынша еліміздегі үздік бес өңірдің қатарында. Өңір халқының 40%-дан астамы шағын және орта бизнес саласында еңбек етіп, экономиканың дамуына үлес қосуда. Сондай-ақ жаңа туған нәрестелерді босанғаннан кейінгі бақылау көрсеткіші 94,2%-ды құрап, орташа өмір сүру ұзақтығы 75,8 жасқа дейін артқан.

Маңғыстаудың денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері де айрықша атап өтілді. Өткен жылғы МИКС нәтижелеріне сәйкес, өңірде нәресте өлім-жітімінің нөлдік көрсеткіші тіркелген. Сонымен қатар соңғы он жылда бес жасқа дейінгі балалар өлімі алты есеге азайған.

Кездесу аясында жастарға арналған «жасыл» дағдылар мен мамандықтарды дамыту, экологиялық білім беру, волонтерлік іс-шараларды өткізу мәселелері де қаралды.

Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай ЮНИСЕФ-пен әріптестікті одан әрі нығайтуға, балалар мен жастардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін айтты.

Айта кетейік, ертең 11 шілде күні Ақтауда ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы алғашқы жастар шарасы өтеді. Іс-шара волонтерлердің балалар құқықтарын қорғау мен қоршаған ортаны сақтаудағы рөлін арттыруға, сондай-ақ ЮНИСЕФ Волонтерлік мектебінің ашылуына арналмақ. Қазіргі таңда өңірден 358 жас волонтер тіркеліп үлгерді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 10.07.2025
  • 4
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика