• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Маңғыстау - түркі мәдениетінің төрі»: Ақтауда республикалық командалық айтыстың ақтық сайысы басталды

10 шілде күні Ақтауда «Маңғыстау - түркі мәдениетінің төрі» атты республикалық командалық айтыстың ақтық сайысы басталды. Салт-дәстүріміздің сарқылмас қайнарынан нәр алған думанды додада дәстүрлі ән, жыр, терме мен күй төгілмек.

Айтыс өнерінің аламанына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі ақын Аманжол Әлтай мен Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сахна төріндегі сайысты бағалауға еліміздің белгілі мәдениет және өнер қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы жиналды. Қазылар құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Нұртөре Жүсіп пен Алмасбек Алматов, Қазақстанның халық әртісі, күйші Айгүл Үлкенбаева, әнші Айгүл Қосанова, айтыскер ақын Мэлс Қосымбаев және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қалқаман Сарин бар.

Командалық айтыстың финалдық кезеңінде Қарағанды және Түркістан облыстарының командалары өзара бақ сынайды.

Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау топырағында айтыс өнерінің ақтық сайысы өтуінің маңыздылығын атап өтіп, бұл шараны өңір үшін үлкен мәртебе екенін жеткізді.
 

-Бүгін қасиетті Маңғыстау топырағында халқымыздың ұлы мұрасы саналатын айтыс өнерінің үлкен думаны өтіп жатыр. Екі жыл бойы еліміздің барлық аймағын қамтыған «Командалық айтыс» жобасы өз мәресіне жетіп, ақтық сайыс дәл осы жерден түркі мәдениетінің төрінен бастау алып отыр. Наурыз мерекесінде бес мың адам жиналып, әлемдік рекорд орнаттық. Одан кейін жүз мыңнан аса адам қатысқан Түркі әлемінің мәдени астанасында тағы бір мәрте халқымыздың бірлігін көрсетті. Бүгінгі шара да сол айтулы оқиғалардың жалғасы әрі рухани жалғасы десек, артық айтқандық емес. Бүгінгі айтыс саны аз болса да, қадірі биік, қара шаңырақтағы кенже баланың мәртебесіндей шара. Осы өнер мерекесінің төрі Маңғыстауда өтуі - біз үшін үлкен қуаныш әрі мәртебе. Бабалар аманатын көздің қарашығындай сақтап келе жатқан Маңғыстау халқы әуелден қонақжай. Бұл сахнада кім жеңсе де, бәрі қазақтың баласы, бәрі бауыр. Сондықтан бүгінгі аламан айтыста бәріңізге сәттілік тілеймін! - деді Нұрдәулет Қилыбай.



Ақтық сайыс аясында еліміздің әр өңірінен жиналған «Қазақстан» құрамасы мен жергілікті «Маңғыстау» командасы жолдастық кездесу өткізді.

«Қазақстан» құрамасының сапында жыршы Бисенбек Төлеубаев, термеші Ерболат Чалдибеков, айтыскер ақын Жансая Мусина, дәстүрлі әнші Біржан Есжанов, күйші Жәнібек Жәмиев өнер көрсетті. Команданың таныстырушысы - Нөсер Айдосұлы.

Ал «Маңғыстау» командасының намысын жыршы Ақылбек Өтешов, термеші Оспан Құлсымақ, айтыскер ақын Бейбіт Байжігіт, дәстүрлі әнші Нұрым Асқанов және күйші Жәнібек Жұмабаев қорғады. Таныстырушы - Жансейіт Әбіш.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 10.07.2025
  • 6
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика