- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
Ордабасы ауданында Бөген су қоймасына бардым.
Қойманың жалпы сыйымдылығы 370 млн текше метр. Нысан 67 мың гектар егіс алқабын сумен қамтып отыр. Бүгінде шаруаларға секундына 50 текше метр су жіберіліп жатыр. Осыған дейін су қоймасына көпфакторлы зерттеу жүргізілді. Соның нәтижесі бойынша нысанға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз алғаш рет Астана су қоймасында ауқымды тазалау жұмыстарын бастадық. Келесі кезекте Шардара су қоймасының түбін тазалау үшін жерснарядтар сатып алуды жоспарлап отырмыз. Сол секілді Бөген қоймасын да тазарту мәселесін пысықтау керек. Бұл қоймаға жиналатын су көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
- 10.07.2025
- 6