- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай мемлекеттік және ведомстволық марапаттарды табыстау рәсіміне қатыстым.
Биыл еліміз бойынша ордендермен, медальдармен, төсбелгілермен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен су саласының 442 маманы марапатталды.
Мемлекеттік наградамен 55 адам,«Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен 97 маман, «Су шаруашылығының ардагері» төсбелгісімен 24 қызметкер марапатталды. Бұған қоса, су шаруашылығы саласының 177 маманы Құрмет грамотасына, 89 маманы Алғыс хатқа ие болды.
Салтанатты іс-шарада «Еңбек жолы» республикалық байқауының да қорытындысы шығарылды. «Үздік жас сушы» номинациясы бойынша «Қазсушардың» 8 қызметкері жеңімпаз атанды.
Су саласындағы үздік әулеттер де екінші жыл қатарынан анықталды. Биыл бұл мәртебеге Бәшеновтер мен Москвиндер әулеті лайық деп танылды. Әр отбасының су шаруашылығы саласындағы жиынтық еңбек өтілі кемінде 125 жыл.
Марапаттау рәсімінен кейін «Климаттың су шаруашылығы саласына әсері» тақырыбында конференция өтті. Іс-шараға БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік сарапшылар қатысты.
Сарапшылар Қазақстандағы су тасқыны мен құрғақшылықты болжау, су секторын климаттың өзгеруіне бейімдеудің цифрлық шешімдері, су заңнамасындағы климаттың өзгеруіне бейімделуді реттеу, климаттың өзгеруінің теріс әсерін болдырмау жөніндегі Парламент бастамалары сияқты мәселелерді талқылады.
- 10.07.2025
- 5