• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ УКРАИНАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін аймақ басшысы Серікбай Трұмов Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Петр Врублевскиймен кездесті. Украина елшісі Маңғыстау облысымен танысуға  және екі елдің экономикалық, мәдени байланыстарын одан әрі дамытуға арнайы келген.  
Кездесу барысында облыс әкімі Елшіні өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өткен жылы қол жеткізілген көрсеткіштер туралы хабардар етті. Атап айтсақ: көлік логистикасы, туризм, агроөнеркәсіптік кешен және энергетика салалары.
С. Трұмовтың айтуынша, Маңғыстау облысы әуе, теміржол, автомобиль және су көлік желілері шоғырланған ірі көлік-логистикалық орталыққа айналуда. 
"Бүгінде аймақтағы  екі Каспий порты бір-бірін толықтырып тұр.  Бұл өңір үшін жаңа перспективалар ашады. Құрық арқылы өтетін Транскаспий бағыты Қытайдан, Орталық Азия елдері – Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан, сондай-ақ Ресейдің Орал-Сібір өңірінен Түркия мен Еуропаға және кері қарай жүктерді жеткізудің тиімді логистикасын қамтамасыз етеді. Бұл 2021 жылы Қазақстанға транзиттік тасымалдаудан түсетін табысты жылына 5 миллиард долларға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ал, паром кешені астықты, мұнай өнімдерін, тыңайтқыштарды, химикаттарды және басқа жүктерді Каспий өңірінің шектес мемлекеттеріне ауыстырып тиеуге бағытталған. Порттардың ыңғайлы географиялық орналасуы тасымалдау мерзімі мен құнын төмендетуге мүмкіндік береді, бұл Каспий теңізі арқылы экспорттық ағынды 30% - ға арттырады", - деді С.Трұмов.
П.Врублевский өз кезегінде Маңғыстау облысы мен Украинаның экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастығын нығайтуға ниетті екенін білдірді.  
Елші Ақтауға келген сапарында "Ақтау халықаралық әуежайы" басшылығымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, «Киев-Ақтау» әуе бағытын ашуға жұмыстанатынын айтты. Сонымен қатар,  "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" АҚ өндірістік қуаттарымен танысты. 
Айта кетейік, Маңғыстау облысы мен Украина арасындағы тауар айналымы 2020 жылы 20 млн 474 мың АҚШ долларын құрады. Экспорт 8 млн 569 мың АҚШ доллар. Украинаға химиялық заттар, станоктарға арналған қол құралдары, турбореактивтік және турбовинттік қозғалтқыштар, газ турбиналары, сұйық сорғылар экспортталады. Импортқа ірі қара малдың еті, маргарин; жануарлардан немесе өсімдік майларынан жасалған өнімдер; этил спирті; жуу құралдары, Пластмассадан жасалған бұйымдар; вулкандалған резеңкеден жасалған бұйымдар және басқалар жатады. Маңғыстауда украин капиталының қатысуымен 5 бірлескен кәсіпорын және украин капиталының жүз пайыз қатысуымен 14 кәсіпорын жұмыс істейді.
  С. Трұмов Маңғыстау облысы мен Украина арасындағы өзара ынтымақтастық пен тиімді байланыс орнатуға қуанышты екенін жеткізді.  

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 11.03.2021
  • 234
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика