• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданындағы әлеуметтік нысандарды аралады

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жұмыс сапарымен Түпқараған ауданына барып, әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысандардың жұмысымен танысты.

Өңір басшысы сапарын Баутино ауылына қарасты Аташ елді мекенінде жаңадан пайдалануға берілген футбол және балалар ойын алаңын аралаудан бастады. «Бозашы Нефть» мекемесінің қаржылай қолдауымен салынған бұл заманауи алаңда балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, спортпен айналысуына барлық жағдай жасалған. Мұнда түрлі ойын құрылғылары орнатылып, қауіпсіздік талаптарына сай толықтай қоршаумен жабдықталған. Жаңа кешенде жаттығатын балаларға облыс әкімінің атынан арнайы сыйлықтар табысталды.

Ауданға сапар барысында облыс әкімі балық шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстармен де танысты. Бұл бағытта «Қазақстан Қолданбалы Экология Агенттігі» ЖШС мен «Сұлтан Агро» ЖШС бірлесіп, Каспий теңізінің биоресурстарын сақтау және молайту мақсатында «Каспий албырт тұқымдас балығының аналық үйірін қалыптастыру және инкубациялық цех құру» жобасын қолға алған.

Жоба аясында биыл жыл басынан бері Каспий теңізіне салмағы 170-200 грамм болатын 700-ге жуық албырт балығының шабақтары жіберілген. Ал Балықшылар күні қарсаңында тағы 700 дана, салмағы 250 граммдық шабақ суға жіберілді. Жоба нәтижесі 2025 жылдың қыркүйегінде белгілі болады деп күтілуде.

Аймақ басшысы әрі қарай «Балық өндірісі» мамандығы бойынша кадрлар даярлайтын жалғыз оқу орны - Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжіне барып, оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. 2015 жылы құрылған колледжде оннан астам мамандық бойынша білім беріледі. Оқу орны заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, арнайы пәндерге арналған кабинеттер мен шеберханалар жұмыс істейді. Атап айтқанда, «Ағаш өңдеу», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету», «Дәнекерлеу ісі», «Балық өндірісі» және басқа да бағыттар бойынша тәжірибелік сабақтар өткізіледі.

Сондай-ақ колледж аумағында ұйымдастырылған демонстрациялық алаңда студенттер мен оқытушылар дайындаған балық өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылып, өнімдер дегустацияға ұсынылды.

Облыс басшысы өңірдің дамуы жастардың сапалы білім алып, кәсіби дағдыларын жетілдіруімен тығыз байланысты екенін атап өтті. Ол алдағы уақытта балық шаруашылығы мен өнеркәсіп саласын қолдауға, әлеуметтік нысандарды жаңғыртуға басымдық берілетінін жеткізді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 14.07.2025
  • 5
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика