- Блогтар
- Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.
Қарағанды облысының әкімі
Облыста барлық мемлекеттік қызметтер онлайн көрсетіледі
Қарағанды облысында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында барлық мемлекеттік қызметтер – 99,6% электрондық форматта көрсетілген. Тұрғындарға барлығы 9 миллионға жуық қызмет көрсетілді.
Цифрлық қызметтердің үлесі күн санап өсіп келеді. Бүгінде облыста 186 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.Тек қағаз түрінде ғана 17 қызмет көрсетіледі, 102 қызмет қағаз түрінде де, электрондық форматта да көрсетіледі. Жыл сайын біз электрондық мемлекеттік қызметтер үлесінің өсуін атап өтеміз.
Ең көп сұранысқа ие – денсаулық сақтау саласындағы қызметтер. Бұл бағытта 8,5 миллионнан астамы көрсетілген. Ең көп өтініш дәрігердің қабылдауына берілген – 6,6 миллион. Сонымен қатар, тұрғындар жедел жәрдем шақырып (400 мың рет), жұмыспен қамту орталықтарында тіркеліп, балаларды балабақшалар мен мектептерге тіркеген.
Халықты ақпараттандыруға көп көңіл бөлінеді. Облыста 13 азаматтарды қабылдау орталығы жұмыс істейді, 1100-ден астам өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізіледі, буклеттер таратылады және т. б. Сондай-ақ, eGov mobile, DamuMed және басқа да онлайн-платформалар мен мобильді қосымшалар пайдаланылады.
Ақпараттандыру басқармасына және әкімдіктерге мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мерзім мен заңнаманың сақталуын бақылауда ұстауларын тапсырдым. Цифрлық сервисті жақсарту жөніндегі жұмыс одан әрі жалғасатын болады.
- 14.07.2025
- 8