- Блогтар
- Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.
ҚР Ішкі істер министрі
Алматыда "Зорлық-зомбылықсыз отбасы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Алматыда "Зорлық-зомбылықсыз отбасы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Науқанның мақсаты – отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.
Учаскелік инспекторлар мен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторлары тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу бойынша жеке кеңестер берілуде. Талдау көрсеткендей, отбасындағы құқық бұзушылықтардың едәуір бөлігі алкогольді шамадан тыс қолдану салдарынан болады. Мұндай іс-шаралар ықтимал қауіптерді дер кезінде анықтауға және қажетті көмекті уақытылы көрсетуге мүмкіндік береді.
"Зорлық-зомбылықсыз отбасы" науқаны – Ішкі істер министрлігі жариялаған Профилактика жылы аясында полицияның жүйелі алдын алу жұмысының негізгі бір бөлігі.
- 16.07.2025
- 8