- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстау облысында жыл бойы жұмыс істейтін балалар лагері салынбақ
16 шілде күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «ESG Development» компаниясының өкілдерін қабылдады. Кездесу барысында инвесторлар теңіз жағалауында 500 орындық заманауи балалар лагерін салу жөніндегі жобаларын таныстырды.
Аталған лагерь жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп, балалардың демалуына ғана емес, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасауды көздейді. Жоба аясында шығармашылық және спорттық бағыттағы үйірмелер, түрлі секциялар мен зияткерлік ойындар ұйымдастырылып, жас ұрпақтың талантын ашуға мүмкіндік берілмек.
Компания өкілдері жобаға қажетті жер телімін бөлу бойынша қолдау көрсетуді сұрады.
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай жобаның маңыздылығын атап өтіп, бастаманы толық қолдайтынын жеткізді.
- Балаларға тек демалыс емес, жаңа нәрселерді үйренуге, дамуға мүмкіндік беретін орта қажет. Мұндай лагерь осы бағытта үлкен рөл атқарады. Біз әкімдік тарапынан қажетті жер телімі мен басқа да мәселелер бойынша жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Инвестор болып келген әрбір азаматқа есігіміз ашық. Жобаны бастаңыздар, - деді Нұрдәулет Қилыбай.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 16.07.2025
- 10