• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбе облысында 2025-2027 жылдарға арналған инвестициялар тарту жөніндегі кешенді жоспар әзірленді

2025 жылы Ақтөбе облысында жалпы құны 491 млрд теңгені құрайтын 10 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Оның ішінде тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, энергетика және ауыл шаруашылығы саласының жобалары бар. Бұл жобалар 1,2 мыңға жуық жұмыс орнын ашып, бұл өз кезегінде жұмыссыздық деңгейін төмендетеді және аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартады.

Ақтөбе облысына инвестиция тарту бойынша жүйелі шаралар аймақ басшысы Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.

«Ел Президентінің тапсырмасы аясында біз инвестициялық ахуалды жақсарту және өңірді дамыту үшін стратегиялық маңызды жобаларды іске асыру бойынша белсенді жұмыс істеуіміз керек. Біздің алдымызда жаңа инвестицияларды тарту ғана емес, оларды тиімді пайдалану үшін жағдай жасау міндеті тұр. Ол үшін оң инвестициялық ахуалды қолдауды, бизнес-белсенділікті ынталандыруды және экономиканы әртараптандыруды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін әзірлеу және енгізу қажет», - деп облыс әкімі бірқатар бірінші кезектегі міндеттерді белгіледі.

Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібековтің ақпараты бойынша, 2024 жылы Ақтөбе облысының экономикасына 901,1 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл – мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдар мен инвесторлардың кешенді жұмысының нәтижесі. Тартылған қаражаттың негізгі бөлігі өнеркәсіпке, көлік және қоймалауға, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке тиесілі.

Өңірдегі инвестициялық ахуалды одан әрі дамыту және жақсарту үшін 2025-2027 жылдарға арналған инвестициялар тарту жөніндегі кешенді жоспар әзірленді. Осы жоспар шеңберінде инвесторлар тарту үшін жағдай жасауға және ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ нақты салалар мен кәсіпорындар үшін нақты бастамаларды іске асыруға бағытталған түрлі шаралар көзделген.

Досжан Әлібеков хабарлағандай, әрбір аудан бойынша инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу жоспарланып отыр, аудан әкімдіктері өңірдің ресурстарын тиімді пайдалана отырып, өздерінің басым салаларына назар аудару ұсынылады.

Сондай-ақ, инвесторларға қызмет көрсету орталығын «бір терезе» қағидаты бойынша ашу жоспарланып отыр, бұл инвесторлар үшін рұқсаттар мен басқа да қажетті құжаттарды алу процесін жеңілдетуге және бизнес үшін барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз ете отырып, әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді.

«Ақтөбе қаласында бизнес-қауымдастықпен тұрақты өзара іс-қимыл жасау және имидждік инвестициялық форум өткізу – нақты шаралардың маңызды бөлігі. Бұл инвесторлардың сенімін арттыруға және бірлескен жобалар үшін әлеуетті серіктестер шеңберін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бизнес-қауымдастықтың Қытай, Түркия, Үндістан және Пәкістанға сапарлары жоспарлануда, онда аймақтың инвестициялық мүмкіндіктері ұсынылады. Бұл инвестиция тарту географиясын кеңейтіп, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға көмектеседі», - деп атап өтті басқарма басшысы.

Шағын индустриялық аймақтарды құруға, арнайы экономикалық аймақты кеңейтуге, туризмге, денсаулық сақтау мен білім беруге инвестицияларды белсенді тартуға баса назар аударылады.

Шағын және орта бизнесті қолдау үшін «Өркен-2» бағдарламасы әзірленбек. Оны іске асыруға облыстық бюджеттен және «Даму» АҚ ШОБ жобаларын дамытуға 1 млрд теңге бөлінеді. Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешен үшін 2,5% жеңілдікпен несиелеу қарастырылған. Бөлінетін қаражат ауыл шаруашылығы өндірісін жаңғыртуға, техникалық жарақтандыруға және осы салада жаңа технологияларды енгізуге бағытталады.

Спикердің баяндамасынан кейін облыс әкімі барлық мүдделі тараптар арасындағы тиімді үйлестіру мен өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып, туындайтын мәселелерді шешуді жеделдетуде өзіндік рөл атқаратын өңірлік инвестициялық штаб пен үйлестіру кеңесін құруды тапсырды.

Сондай-ақ, Асхат Шахаров индустрияландырудың бірыңғай картасына және Ұлттық жобалар пулына енгізілген инвестициялық жобалардың мониторингін бақылауды тапсырды, бұл олардың уақтылы іске асырылуы мен тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Ұсынылған барлық шаралар өңірдің тұрақты өсуі мен дамуын қамтамасыз ететін тұрақты экономикалық база құруға бағытталған. Қаржылық қолдауды, инфрақұрылымды дамытуды және мамандандырылған аймақтарды құруды қамтитын біздің кешенді тәсіліміз инвесторлар үшін тартымды жағдайлар жасайды, бұл өз кезегінде өңірдің ұлттық және халықаралық деңгейлердегі бәсекеге қабілеттілігін арттырады», - деп қорытындылады өңір басшысы.

 

  • 18.07.2025
  • 8
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика