• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі мен облыс прокуроры кәсіпкерлермен кездесті

                     

Ашық есік күні аясында облыс әкімі Асхат Шахаров пен облыс прокуроры Марат Әбішев кәсіпкерлермен кездесіп, бизнесті қорғау және инвесторлардың мүдделерін сақтау мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту және бизнес-қоғамдастықтың заңды құқықтарының сақталуына кепілдік беру мәселелері көтерілді. Бұл іс-шара билік органдары мен кәсіпкерлер арасындағы сындарлы диалог пен пікір алмасуға арналған тиімді алаңға айналды.

Облыс әкімі Асхат Шахаров 2024 жылы өңір экономикасына 901,1 млрд теңге инвестиция, оның ішінде 337,4 млн АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылғанын атап өтті. Сондай-ақ жаңа инвесторларды тарту үшін инфрақұрылымды жақсарту маңыздылығын айтты. Осы ретте «Бұхара-Орал» магистральды газ құбырының үшінші желісі пайдалануға берілгенін, бұл өңірдегі газ тапшылығы мәселесін шешіп, жаңа жобаларды газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты.

Одан соң өңір басшысы Ақтөбе халықаралық әуежайы базасында құрылған арнайы экономикалық аймақтың (АЭА) маңыздылығына тоқталып, оның логистика, көлік және өңдеу өнеркәсібін дамытуға серпін беретінін жеткізді. Сонымен қатар, Хромтау қаласында индустриялық аймақ құрылғаны және инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатқанын баяндады. 

Ол тау-кен металлургия зауыты, фарфордан жасалған бұйымдар зауыты, көпсалалы клиника және органикалық тыңайтқыштар зауыты сияқты саладағы негізгі инвестициялық жобаларды тілге тиек етті. Бұл жобалар мыңдаған жұмыс орнын құрады және айтарлықтай инвестиция тартады.

Мұнда кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Өркен-2» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласында шағын және орта бизнеске жеңілдетілген несие беру жоспарланып отырғаны да айтылды.

«Біз өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Былтыр облыс экономикасына 900 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды, бұл — жақсы нәтиже. Инфрақұрылымды дамыту, жаңа индустриялық аймақтар құру және бизнесті қолдауға арналған арнайы бағдарламаларды іске асыру жалғасады. Біз әрқашан әріптестікке ашықпыз және өңірде бизнес жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Бірлесе отырып, экономикамызды дамытып, нығайта аламыз деп сенемін», —  деп атап өтті облыс әкімі Асхат Шахаров.

Облыс прокуроры Марат Әбішев бизнесті және инвесторларды қорғау бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, 2023 жылдан бастап прокуратура инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз етіп, мемлекеттік органдар тарапынан заң бұзушылықтардың алдын алуға белсенді атсалысып отыр.

«2024 жылы прокуратура 30-дан астам инвесторға көмек көрсетті, олардың экономикаға қосқан үлесі — 345 миллиард теңге», — деді облыс прокуроры.

Сондай-ақ прокурор «прокурорлық сүзгі» жүйесінің енгізілгенін алға тартты. Бұл механизм мемлекеттік органдардың бизнеске заңсыз араласуының, қызметті негізсіз тоқтату, келісімдерді біржақты бұзу сияқты әрекеттердің алдын алады.

Одан соң инвесторларды қолдау жөніндегі ұлттық деңгейдегі серіктестік — «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры Әлия Мырзагалиева кездесуге бейнебайланыс арқылы қосылып, инвесторлар мен бизнес-қоғамдастықты қолдау шаралары туралы айтты.

Ал «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Азамат Қожанов Бас прокуратурамен тығыз ынтымақтастық орнатылғанын және инвесторлармен байланысты жедел әрі тиімді жүргізу маңызды екенін атап өтті.

Кездесу барысында кәсіпкерлер өңір басшысы мен прокурорға тікелей сұрақтар қойып, бизнес жүргізу, инвестициялар тарту және құқықтық қорғау мәселелерін талқылады.

  • 18.07.2025
  • 9
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика