• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақмола облысының әкімі Целиноград ауданындағы әлеуметтік нысандардың құрылыс қарқынын сынға алды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Целиноград ауданында құрылысы ұзаққа созылған нысандарды тексерді. Қазіргі таңда ауданда тұрғын үйлердің салынып бітуі мен жаңа медициналық пункттердің іске қосылуы кешеуілдеп отыр.

Ақмол ауылында өңір басшысы 30 пәтерлік 10 несиелік үйдің құрылысымен танысты. Бірқатар нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстары бес жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді. Кейбір нысандар бойынша мердігер ұйымдармен жасалған келісімшарттар құрылыс қарқынының төмендігіне байланысты бұзылған, алайда жаңа мемлекеттік сатып алу конкурстары әлі жарияланбаған. Биылғы наурыз айында аудан тұрғындарына 45 пәтерлік үйдің кілттері табысталғанымен, аталған үй әлі күнге дейін пайдалануға берілмеген — домофондар орнатылмаған, пандустар салынбаған, абаттандыру мен шатыр қоршау жұмысы аяқталмаған.

«Мұндай ұзаққа созылған құрылыс жұмыстары халықтың сеніміне сызат түсіреді. Егер кілт тапсырылса, тұрғын үй толық дайын болуы тиіс. Барлық кемшілікті жойып, үйлерді қысқа мерзім ішінде тапсыру қажет. Бірде-бір жоба тоқтап қалмауы керек. Барлық жауапкершілік аудан әкімдігі мен салалық басқармаларға жүктеледі», — деді Марат Ахметжанов.

Аудан әкімі Дарын Сабырғали нысандардың қазіргі ахуалы мен мерзімнен кешігу себептері жөнінде баяндады. Оның айтуынша, екі тұрғын үй биылғы тамыз айының соңына дейін пайдалануға беріледі. Тағы екі үй жыл соңына дейін аяқталады, қалған алты үй келесі жылы тапсырылады. Бірқатар мердігер өз міндеттемелерін орындамағандықтан келісімшарттар бұзылып, кейбір жобалар бойынша жаңа конкурстар жарияланбаған.

Төңкеріс ауылында Марат Ахметжанов жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылыс барысын көрді. Ғимарат толықтай салынғанымен, әлі күнге дейін электр және сумен жабдықтау жүйесіне қосылмаған. Облыс әкімі жауапты тұлғаларға ескерту жасап, аудан әкімдігіне құрылыс және сәулет басқармасымен бірлесіп инженерлік желілерге қосу мәселесін қысқа мерзімде шешуді тапсырды. Осыдан кейін аталған медициналық нысан ауыл тұрғындарына қызмет көрсете бастайды.

Сонымен қатар өңір басшысы Төңкеріс ауылындағы ұзындығы 9 шақырымнан асатын көше-жол желісін күрделі жөндеудің барысымен танысты.

«Жол құрылысының әр кезеңі қатаң бақылауда болуы тиіс. Сапа, мерзім және қаржы — бәрі де уақытылы әрі талапқа сай орындалуы керек. Қаржыны ғана емес, сапаны да басқару қажет», — деді Марат Ахметжанов.

Целиноград ауданындағы ұзаққа созылған құрылыстарды аяқтау және инфрақұрылымды дамыту мәселесі облыс әкімдігінің бақылауында болады.

  • 18.07.2025
  • 7
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика