• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда Әлем кубогының жеңімпазы Бекзат Нұрдәулетовке құрмет көрсетілді

Бүгін, 20 шілде күні World Boxing Әлем кубогында жеңімпаз атанған маңғыстаулық боксшы Бекзат Нұрдәулетовке құрмет көрсетілді. Чемпионды құттықтау шарасына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев пен Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов қатысып, халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғаған жерлесімізге облыс әкімінің атынан алғыс білдірді.

- Облыс әкімі Нұрдәулет Игілікұлы жастарға, әсіресе спорт саласындағы талантты өрендерге үнемі қолдау көрсетіп келеді. Бүгін де өңір басшысының атынан жерлесіміз, Бекзат бауырымызды арнайы құттықтап келіп отырмыз. Жалпы, Маңғыстау тарихында шаршы алаңда ел абыройын асқақтатқан талай мықты спортшылар мен білікті бапкерлеріміз жетерлік. Бекзат бауырымыз да сол саңлақтардың лайықты ізбасары. Қазақ боксы бүгінде әлемдік аренада өзіндік орны бар спорт түріне айналды. Жеңіс ешқашан оңайлықпен келмейді. Оған жету үшін маңдай терді төгіп, уақытты сарп етіп, осы жолда еңбек ету керек. Болашақта үлкен жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін. Олимпиада төрінде топ жарып, еліміздің атын тағы да асқақтата беріңіздер, - деді Әбілқайыр Байпақов.

Шарада жарыс жеңімпазының осы жетістігіне үлкен үлес қосқан бапкері Жолдасов Абу да қаржылай сыйақымен марапатталды.

Айта кетейік, Бекзат Нұрдәулетов 30 маусым мен 6 шілде аралығында елордада өткен Әлем кубогының кезеңдік турнирінде үш бірдей қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, топ жарған болатын. Ширек финалда Ұлыбритания өкілі Лачлан Лаусоннан, жартылай финалда түркиялық Самет Ерсойдан 5:0 есебімен басым түсті. Финалда үндістандық Жугно Жугномен өткен шешуші жекпе-жекте де төрешілер бірауыздан жеңісті қазақ боксшысына берді.

Бұдан бөлек, боксшы 2019 жылы әлем чемпионатында алтын медаль иеленген. Өткен 2024 жылы да ол Таиландта өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 21.07.2025
  • 30
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика