- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Облыс әкімдігінде Президент тапсырмаларын іске асыру барысы талқыланды
Бүгін, 21 шілде күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге жасаған жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларын орындау мәселесіне арналған кеңейтілген жиын өтті.
18 сәуір күні өңірге келген Мемлекет басшысы Маңғыстаудың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен инфрақұрылымын жақсартуға арналған маңызды мәселелерді көтеріп, нақты тапсырмалар берген еді. Бүгінде бұл міндеттер барлық деңгейдегі атқарушы органдардың тұрақты бақылауында тұр.
Бүгінгі кеңесте жауапты басқарма басшылары мен облыс әкімінің орынбасарлары атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп беріп, жоспарларын ұсынды.
Атап айтқанда, ауыл шаруашылығын дамыту, инфрақұрылым мен көлік-логистика әлеуетін арттыру, ішкі туризмді ілгерілету, энергетика және денсаулық сақтау салаларын жаңғырту, білім беру сапасын жақсарту бағыттары қамтылды. Сонымен қатар, жаңа өндірістік жобалар мен инвестиция тарту мәселелері де күн тәртібінде болды.
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай тапсырмалардың орындалуы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында екенін атап өтіп, жұмысты жеделдету керектігін айтты.
- Барлық тапсырмалар Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. Айтылған әрбір мәселе нақты, сапалы әрі уақытылы орындалуы қажет. Жауапты басшылар жұмысты жоғары жауапкершілікпен атқарыңыздар. Берілген бағыттар бойынша әр пункттің орындалу барысын апта сайын бақылап отыру қажет. Облыс әкімінің орынбасарлары өз салалары бойынша басқарма басшылары мен қала, аудан әкімдерінің жұмысын тұрақты тыңдап, үйлестіріп отырыңыздар, - деді Нұрдәулет Қилыбай.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 22.07.2025
- 30