• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда сотталған және пробациялық бақылаудағы азаматтар жұмыспен қамтылмақ

22 шілде күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өңірдегі құрылыс компаниялары мен құқық қорғау органдарының қатысуымен кеңейтілген жиын өтті. Басқосуда түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан және пробациялық бақылаудағы азаматтарды жергілікті құрылыс компанияларына жұмысқа орналастыру мәселесі талқыланды.

Бүгінде облыс аумағында үш түзету мекемесі мен пробация қызметі жұмыс істейді. Қазіргі таңда пробациялық есепте 614 азамат тұр. Оларды еңбекке тарту мақсатында жергілікті атқарушы органның қаулысымен жұмыс орындарына арнайы квота белгіленген.

Пробация қызметінің жолдамасы арқылы 6 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан. Еңбек мобильділігі орталығының көмегімен 84 азамат ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркеліп, олардың ішінде 13 адам тұрақты, 17 адам уақытша жұмыспен қамтылған.

Жиын барысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Маңғыстау облысы бойынша басшысы Алтынбек Қалиев сотталғандарды жұмысқа орналастыру кезінде қауіпсіздік пен қадағалаудың толық сақталатынын атап өтті.

Сотталғандар ҚР Еңбек заңнамасына сәйкес еңбек ететін болады. Олар бес немесе алты күндік жұмыс кестесі бойынша жұмыс істеп, күннің соңында, сағат 18:00-ге дейін мекемеге оралуға міндетті. Сондай-ақ, сотталған азаматтарға әртүрлі мамандықтар бойынша оқыту курстары қарастырылған.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай бұл бастаманың әлеуметтік маңыздылығына тоқталып, азаматтардың бостандыққа шыққаннан кейін мамандық бойынша жұмыс табуына, қоғамға қайта бейімделуіне септігін тигізетінен айтты.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сотталғандарды қоғамға бейімдеудің ең тиімді жолы - оларды жұмыспен қамту екенін айтқан болатын. Осы орайда өңірдегі құрылыс және өндірістік кәсіпорындар түзету мекемесінде отырған және пробациялық есепте тұрған азаматтарды еңбекке тартуға белсенді атсалысуы қажет. Егер тәртіпті сақтап, талапқа сай жұмысқа адал қараса азаматтарды қолдауымыз қажет, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Кеңеске қатысқан өңірдегі құрылыс компанияларының өкілдері жазасын өтеушілер мен пробациялық есепте тұрған азаматтарды жұмысқа қабылдауға дайын екендіктерін білдірді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 23.07.2025
  • 36
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика