- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Нұрдәулет Қилыбай азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Бүгін, 23 шілде күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарға жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға Ақтау және Жаңаөзен қалаларынан, сондай-ақ Қарақия мен Мұнайлы аудандарынан келген азаматтар қатысып, әлеуметтік мәселелерін ортаға салды.
Қабылдау барысында азаматтар негізінен тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, балаларды балабақшаға тіркеу, сондай-ақ әлеуметтік көмек алу мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, көпбалалы және жалғызбасты аналар облыс әкімімен тікелей кездесіп, отбасылық жағдайларын ескере отырып, жұмыс пен баспана мәселелерін шешуге ықпал етуді сұрады.
Облыс әкімі барлық өтініштер заң аясында шешілетінін айтып, жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктеді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 23.07.2025
- 29