- Блогтар
- Дүйсембиев Ж.Ж.
Дүйсембиев Ж.Ж.
ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
Қытай шекарасымен жаңғырту: Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы «Бақты» мен «Алакөл» өткізу пункттеріне барды
21 шілде күні Қытаймен шекарадағы «Бақты» және «Алакөл» кеден бекеттеріндегі жаңғырту жұмыстарының барысымен таныстым.
«Бақты» – құрылыс қозғалысты тоқтатпай жүріп жатыр
Жолақтар кеңейтілуде
Цифрлық таразылар, инспекциялық кешендер орнатылуда
Тапсырдым:
– Құрылыс пен монтажды жеделдету
– Шекарадағы бақылауды жеңілдетіп, рәсімдерді кеден маңына көшіру
«Алакөл» - жаңғырту аяқталды, 12 мамырдан бастап толық жұмыс істеуде
Жолақ саны – 2-ден 6-ға
Өту уақыты – 30 минут
Тапсырдым:
– Уақытты 10–15 минутқа дейін қысқарту
– Қағазсыз рәсімге толық көшу
Жалпы 9 бекет жаңғыртылады. Қазірдің өзінде 4-уі аяқталды, жыл соңына дейін тағы 5-уі іске қосылады.
Мақсат — халық пен бизнеске ыңғайлы, заманауи және цифрлық инфрақұрылым құру.
- 23.07.2025
- 28