- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Дүниежүзілік банкпен арадағы әріптестіктің жаңа кезеңі
Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша жаңа өңірлік директоры (Татьяна Проскурякованың орнына келген) Наджи Бенхассинмен кездестім. Сондай-ақ бұл кездесуге Қазақстандағы ДБ тұрақты өкілі Андрей Михнев және аға операциялық директор Янина Ермакова да қатысты.
Бұл орайда Татьяна Проскуряковаға бірлескен жемісті жұмысы үшін алғысымды білдіргім келеді, ал Бенхассин мырзаны жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтаймын!
Өзара әріптестігіміз тиімді болып, нақты нәтижелерге бағдарланатынына сенімдімін.
Қазақстан мен Дүниежүзілік банкті салық-бюджет саясатынан бастап цифрландыру мен «жасыл» экономикаға дейінгі орнықты дамудың маңызды бағыттары бойынша көпжылдық бірлескен жұмыс біріктіреді. Әңгімелесу барысында біз қолданыстағы жобаларды, сондай-ақ макроэкономикалық талдау, институционалды нығайту мен инвестициялық ахуал саласындағы жаңа перспективалы бастамаларды талқыладық.
Қазақстан әрдайым ынтымақтастыққа ашық және халықаралық әріптестердің сараптамалық жұмысын құрметтейді.
- 24.07.2025
- 9