- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Құрық ауылындағы мектеп-гимназияның акт залында төбе құлау фактісі тіркелді
23 шілде күні таңғы сағат 06:30 шамасында Қарақия ауданы, Құрық ауылында орналасқан «Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ-нің акт залының төбесі опырылып құлады. Аталған оқиға салдарынан зардап шеккендер тіркелген жоқ.
Құлаған төбе жабынының аумағы шамамен 250 шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда, оқиға орнына арнайы мамандар тартылып, техникалық тексеріс пен сараптама жұмыстары жүргізілуде. Құзырлы органдардың қатысуымен арнайы комиссия құрылып, төтенше жағдайдың нақты себеп-салдарын анықтау бағытында жұмыс басталды.
Айта кетейік, аталған мектеп 2009 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілген. Мектептің жобалық қуаттылығы – 1200 оқушы.
Оқиға орнына арнайы іссапармен барған Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов мектептің акт залына барып, жағдаймен жеке танысты.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 278-бабы 2-бөлігі (Ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың бөліктерін пайдалануға беру немесе пайдалануға рұқсат беру кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Қазіргі уақытта мектеп аумағына бөгде адамдардың кіруіне уақытша тыйым салынды. Алдағы жөндеу жұмыстары мен нақты шешімдер туралы ақпарат ресми түрде қосымша хабарланатын болады.
- 24.07.2025
- 31