• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысының спорт мекемелеріне 25 жаңа автокөлік табысталды

Маңғыстау облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірдегі спорт саласының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекемелерге 25 бірлік жаңа автокөлік берілді. Көліктер жергілікті бюджет есебінен сатып алынды.

Атап айтқанда, спортшыларды тасымалдауға арналған 20 миниавтобус, 4 жеңіл автокөлік және ұлттық спорт түрлеріне қолдау көрсету мақсатында 1 жылқы тасымалдауға арналған техника алынған. Бұл көліктер өңірдегі қала және аудандық деңгейдегі спорт мекемелеріне үлестіріліп, сала жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталмақ.

Көліктерді табыстау рәсіміне облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, бұл бастама Мемлекет басшысының Жолдауларында айқындалған негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтті.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жастарды спортқа баулу - болашаққа салынған инвестиция» деп атап өткен болатын. Президенттің тапсырмасына сәйкес, елімізде азаматтарға, оның ішінде жастарға бұқаралық спортпен айналысуға жан-жақты мүмкіндік жасау - біздің басты міндеттеріміздің бірі. Осы бағытта өңірде жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында 36 спорт нысаны тұрақты жұмыс істейді. Ауылдық елді мекендерде спорт секциялары ашылып, жаттықтырушылар саны артып келеді. Жақын күндері Жаңаөзен қаласында мұз айдыны пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Ақтау қаласында 10 мың орындық заманауи футбол стадионын салу жобасы пысықталуда. Бұдан бөлек, дарынды балаларға арналған спорт-интернат колледжінің құрылысы басталды. Талантты жастарымызды қолдау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Айта кетейік, соңғы он жыл ішінде алғаш рет облыстық спорт басқармасына осындай көлемде автокөлік беріліп отыр. Бұған дейін басқарманың автопаркі небәрі 3 бірліктен ғана тұрса, бүгінде бұл көрсеткіш 25-ке жетіп отыр.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіМаңғыстау облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірдегі спорт саласының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекемелерге 25 бірлік жаңа автокөлік берілді. Көліктер жергілікті бюджет есебінен сатып алынды.

Атап айтқанда, спортшыларды тасымалдауға арналған 20 миниавтобус, 4 жеңіл автокөлік және ұлттық спорт түрлеріне қолдау көрсету мақсатында 1 жылқы тасымалдауға арналған техника алынған. Бұл көліктер өңірдегі қала және аудандық деңгейдегі спорт мекемелеріне үлестіріліп, сала жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталмақ.

Көліктерді табыстау рәсіміне облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, бұл бастама Мемлекет басшысының Жолдауларында айқындалған негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтті.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жастарды спортқа баулу - болашаққа салынған инвестиция» деп атап өткен болатын. Президенттің тапсырмасына сәйкес, елімізде азаматтарға, оның ішінде жастарға бұқаралық спортпен айналысуға жан-жақты мүмкіндік жасау - біздің басты міндеттеріміздің бірі. Осы бағытта өңірде жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында 36 спорт нысаны тұрақты жұмыс істейді. Ауылдық елді мекендерде спорт секциялары ашылып, жаттықтырушылар саны артып келеді. Жақын күндері Жаңаөзен қаласында мұз айдыны пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Ақтау қаласында 10 мың орындық заманауи футбол стадионын салу жобасы пысықталуда. Бұдан бөлек, дарынды балаларға арналған спорт-интернат колледжінің құрылысы басталды. Талантты жастарымызды қолдау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Айта кетейік, соңғы он жыл ішінде алғаш рет облыстық спорт басқармасына осындай көлемде автокөлік беріліп отыр. Бұған дейін басқарманың автопаркі небәрі 3 бірліктен ғана тұрса, бүгінде бұл көрсеткіш 25-ке жетіп отыр.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 24.07.2025
  • 35
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика