• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысының әкімі жастармен тікелей диалог жүргізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялады. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған.

Аймағымызда жұмысшы мамандықтарын дәріптеу мен жастарды еңбекке баулу мақсатында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңір жастарымен ашық форматта кездесу өткізді. Жиында жастар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, аймақ басшысына тікелей сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.


Кездесуге облыс әкімінің орынбасарлары, түрлі салада табысқа жеткен ел азаматтары қатысып,тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға бағыт-бағдар берер кеңестерін айтты.

Үш сағатқа жуық созылған басқосуға облыстың әр аймағынан келген 500-ге жуық жас қатысты. Оның ішінде түрлі салада еңбек етіп жүрген мамандар, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, «Жасыл Ел» еңбек жасағы мен жастар ұйымдарының мүшелері бар.

Еркін әрі мазмұнды форматта өткен жүздесуде аймақ басшысы өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жетістікке жету жолындағы табандылық пен іске адалдықтың маңыздылығын атап өтті.

- Қазіргі таңда жастардың басым бөлігі мұнай саласында жұмыс істеуді қалайды. Бұл салада бос жұмыс орындары шектеулі. Қоғамда үлкен жетістікке жеткен азаматтардың ешқайсысы бірден мұнайдан бастаған жоқ. Барлығы қарапайым қызметтен бастады. Мамандыққа деген адалдық, еңбекқорлық пен төзімділік - кез келген салада жетістікке жетудің басты шарты. Бүгінде біздің өңірге көршілес шет елдерден мыңдаған адам келіп жұмыс істейді. Олардың саны облыстағы жұмыссыздар санынан әлдеқайда көп. Еңбек етемін деген жанға жұмыс бар. Ештеңеден қорықпай, дұрыс мамандық таңдап, ел игілігі үшін еңбек етіңіздер. Сонда нәтижесі болады, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Кездесуде жастар өз идеялары мен бастамаларын ортаға салып, түрлі әлеуметтік жобаларға қатысуға ниетті екенін білдірді. Әкім олардың ұсыныстарын назарға алып, кейбір бастамаларды қолдауға дайын екенін айтты.

Айта кетейік, бүгінде Маңғыстау облысында 14 пен 35 жас аралығындағы 240 мыңнан аса жас бар. Жастар саясатын жүзеге асыруда өңірде 7 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар, 26 кәсіпорында жас мамандар кеңестері құрылған.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 25.07.2025
  • 22
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика