• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда Каспий жағалауын тазарту бойынша жаппай сенбілік өтті

Бүгін, 28 шілде күні Ақтаудағы «Жылы жағажай» аумағында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары, Ақтау қаласының әкімі, коммуналдық қызмет өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, «Жасыл ел» еңбек жасағы мен жастар атсалысты.

Тазалық жұмыстарына коммуналдық сала мекемелерімен қатар өзге де ұйымдардан барлығы 400-ге жуық қызметкер мен 4 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 12 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды.

Облыс әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев акция барысында өңір тұрғындары мен демалушыларды экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа ұқыпты қарауға шақырды.

- Бүгінгі сенбіліктің басты мақсаты - Каспий теңізі жағалауын қоқыс қалдықтарынан тазартып, халық арасында демалыс мәдениетін қалыптастыруға үндеу. Өкінішке қарай, соңғы уақытта жағалауда қоқыс қалдыру деректері жиілеп кетті. Күні кеше ғана бұл аумаққа 8 мыңға жуық көлік пен 30 мыңнан астам адам келіп, демалды. Алайда көпшілігі демалыстан кейін артында қалдықтарын жинамай, сол күйі тастап кеткен. Соның салдарынан еріктілермен бірге тау-тау болып жиналған қоқысты өзіміз жинап жүрміз. Қазіргі таңда жағалаудағы тазалықты сақтау үшін коммуналдық қызметтің 80-ге жуық маманы жұмыс істеуде. Дегенмен, демалушылардың соңынан қоқыс қалдыруы әлі де тоқтар емес. Арнайы қоқыс жәшіктері орнатылғанына қарамастан, кейбір азаматтар 50 қадам жердегі контейнерге қоқысын тастауға бармай отыр. Экологиялық акция - бір күндік шара емес, бұл бағыттағы жұмыс жыл бойы жалғасады. Осы ретте барша халықты табиғатты аялауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырамыз, - деді Тілеген Әбішев.

Айта кетейік, 2023 жылы Маңғыстау облысына 390 мыңға жуық турист келген болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 420 мыңға жеткен. Ал биылғы шомылу маусымында өңірге 500 мыңнан астам демалушы келген.

Ресми мәліметтерге сәйкес, биыл табиғатты қорғау полициясы тарапынан табиғи аумақтарды ластағаны, қоқыс қалдырғаны және рұқсат етілмеген жерлерде экологиялық құқықбұзушылықтар бойынша 1000-ға жуық әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 70 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 28.07.2025
  • 7
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика